∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Ошанбайқызы Дәметкен
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қ.Саттаров, Д.Сүлейменқызы.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1996 жылы «Түркістан фольклор экспедициясы» кезінде Түркістан қаласында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/108
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П. 4; Ж. 12 19,5х13; 12х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін қойын дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Қысқа 3 шумақтан тұратын мәтінде қыздың жатжұрттық екендігі, еркелеп өскен ерке қыздың назы айтылады. Кейінгі жылдарда жазылып алынған мәтін болғандықтан, бірнеше шумағы ұмытылып қалған болуы керек.
13. Басы:
Оң жағында әкемнің дойбы ойнадым, жар-жар, Үкі тағып басыма той тойладым, жар-жар.
14. Соңы:
Жай болмайды жат елге барғаннан соң, жар-жар, Еркелікті тастаймын өзгеремін, жар-жар.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова