∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Байсымақова Тілеш
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дәмиева Гүлмира
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1989 жылы бұрынғы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
943
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П. 4; Ж. 18 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Сыңсу басы қара сөзбен ертедегі қыздардың сүйгеніне қосыла алмайтыны туралы, сонда зорлықпен кетіп бара жатқан олар өз тағдырына налып, сыңсу айтатыны туралы айтылған. Сыңсу мазмұнында қыз тек ағасына ғана өкпесін білдіріп, ел-жұртымен тұтас қоштасады.
13. Басы:
Айналайын, ағалар, Ат тұяғын тағалар.
14. Соңы:
Күмістен менің босағам Күңіреніп қалай шығайын.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова