∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Тілеумағамбетова Жаңыл, Демеуова Нағипа
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1950 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Ойыл ауданында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
910/1
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П. 1; Ж. 28 28,5х18; 8х20
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына машинкада басылған. Кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Бұл сыңсуда да өз еркімен ұзатылмағаны айқын аңғарылады. Қыз бірінші әкесімен қоштасып, ұл бала жаратылмағанына ашынады. Әкесінен кейін әпкесімен қош айтысып, одан кейін туған жұртын бауырына аманаттайды. Өзінің анасын атап қоштаспағанымен, туған жұртындағы шешелеріне сөзін арнайды. Сосын қайта бауырына, сосын әкесіне сөзін арнап, өзін жат жұртқа тірідей бере салғанына, мойнына құрық салғанына өкпесін жеткізеді.
13. Басы:
Сары орамал басымда, Еркелеп өстім жасымда.
14. Соңы:
Бермеймін деген ақ көкем, Мойныма құрық салды-ау, ай!
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова