∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР - Аңыз - Тарихи аңыз» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Сырым мен Саржала би
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Ханға қарсы көтерілістің алдында Алдар би Сырымға Саржала биге жолығуын айтады. Бірақ Сырым мен Саржала би Даттың моласының себебінен болған араздықтан кейін аралары дұрыс емес еді. Сонда да Саржала биге бар жағдайын айтқан соң, би екі жылдан соң құрал-сайман, әскер береді.
Қолжазбаның атауы
Сырым мен Перовский
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда Сырым батырдың Текенің губернаторларымен арасындағы достығы, сонымен бірге сол бір жылдардағы қысылтаяң жағдайда Сырымның артында қалған ел-жұрты, қатын, бала-шағасын оларға сеніп тапсырып кеткен оқиғасы баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Сырым мен Мөңке би
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Сырым батырдың сексенге келген Мөңке биден бата сұрамаққа барып, берген батасына алғашында көңілі толмай, кейіннен барып түсінгені сөз болады.
Қолжазбаның атауы
Сырым мен ишан
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Бірде Сырым батыр Бұхарға келеді. Сол күні молдалар мешітте жұма намаз оқып жатыр екен. Дәл сол кезде жұма намаздың уақытына тура келіп қалыпты. Сонда сол жердегі бір молда сахараның еркін өскен қазағына жұма намазына кіруін сұрайды. Алайда намаздың ережелерін білмеген Сырым сол жерде күлкілі жағдайға тап болып, әлгі молда ишаннан таяқ жейді.
Қолжазбаның атауы
Сырым батырдың ханды шабуы
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда атасы Әбілқайыр өлген орнына Нұралының хан болуы, ханнан туған отыз ұлдың әрқайсысы әр түрлі болады. Солардың ішіндегі кейбір сотқар, ел бүлдіргіштерінің себебінен Сырым батыр ашуға булығып, қол жинап, Нұралы ханға қарсы аттанбақ болуы, мұны естіген ханның Уфа шаһарына қашып барып, сол жерді паналауы, содан оралмаған ханның орнына Сырымның хан болуы, ел үшін игі жұмыстар істеген батырдың кейбір істері патшаға жақпай, зынданға салынуы, кейін сол түрмеде өз қолымен у ішіп, өлуі жайында баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Сырым батырдың тама руы Есет батырға бата алуға барғанынан
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Есет батырдан бата алуға арнайы келген Сырым батырды қарсы алып, аман-саулық сұрасқан соң, Есет Сырымнан не бұйымтаймен келгенін сұрайды. Батасын алуға келгенін айтқан Сырымға кім көрінгенге бата бере бермейтінін айтып, сұрақтар қояды. Есеттің қойған сұрақтарына мүдірмей жауап берген батырға риза болып, арқасынан қағып, шын ықыласымен батасын береді.
Қолжазбаның атауы
Сырым батырдың қайтыс болуы
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Сырым батыр Малайсары биге бата сұрай барады, сонда Малайсары би оған «Менің батам жеті атаңа жететін болсын, үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін. Одан соң мына үш сиыққа зияның тимесін, бұл үш сиықта үш қасиетті адам бар, соларға жолай көрме! Олар: бірінші − тана Қоске би, екінші – әлім Көсеу би, үшінші – есентемір Бөкен би» дегенде, батыр аңғалдық танытып, ақыр соңында Хиуа ханының қастандығымен қайтыс болады.
Қолжазбаның атауы
Сырым батырдың Нұралы ханды шабуы / سىرىم باتىردىڭ نۇرالى حاندى شابۋى
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда екі түрлі оқиға айтылады. Бірі бейкүнә қыз-келіншектерге тиісіп, қорлық көрсетіп жүрген Нұралы ханның баласының себебінен Сырым батыр ханды шаппақ болғанда, ханның Үрімге қашып кетіп, орнына Сырымның хан болуы. Енді бірі дат балалары арасындағы бақталастық, күндестік. Осы алауыздыққа шыдай алмаған Сырым батырдың елден Үргеніш шаһарына барып тұруы, кейін сол Үргеніш шаһарында қайтыс болғандығы туралы айтылады.