∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тіленші туралы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тіленші туралы
3. Авторы (Айтушы)
Торсықбайұлы А.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Б.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1988 ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 1014
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; Ж.85. 29х20;16х23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Қалмақ ханының қаз дауысты Қазыбекке сыйға берген қызын өзінің ұлы Бекболатқа қосқан екен. Қалмақ келіннен бір ұл, бір қыз туады. Бәйбішеден тоғыз ұлы бар Бекболат би жаңағы ұл перзентінің атын – Тіленші деп қойғызған. Бірде Абылай хан көп нөкерімен Бекболат бидікіне келеді. Себебі, Қазыбек дүниеден өткен соң Шаншар абыз әулеті Қазыбек тұқымымен хан арасында қырғи-қабақтық күшейеді. Абылай қарашасы Ботақанды бейкүнә өлтіріп, Жанайды тұтқындатқанда намыстанып, қанына қызған Бесмейрамнан үш мың арғын қарсы көтерілген. Хан дәті шыдамай өлгеніне құн, айып-ажын төлеп, тұтқындатқанын босатып, әрең құтылыпты. Онан кейін Бекболаттың көп ұлының біреуі Абылайдың бір үйір тұлпар текті қысырағын ұрлап әкетіп, Бекболат би бұл қиян-кескі дауда ұрыны шешендікпен қорғап, ханға тоғыз айып төлеп табысқан. Абылай ханның Бекболат биге бүгінгі келуінің түп тамыры – енді жауласпау, елдесу қамы еді. Бекболаттан туған он ұлдың бірін орнына би сайлағалы келгенін айтады. Бекболат би Тіленшіден үміт күтетінін айтуға бәйбішесінен тайсақтайды. Бірақ бәйбішесі де Тіленшіні қолдайды. Тапқырлығы мен шешендігін сынап, Тіленшіні әкесінің орнына би сайлайды.
13. Басы:
Қаз дауысты Қазыбек Қоңтажының сыйға берген сол қызын өзінің ұлы Бекболатқа қосқан екен.
14. Соңы:
…Бар оқиғаны естіген соң Бекболат баласына хан алдында батасын беріп, Тіленші би сайланған екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат