∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Түлкібай батыр жайындағы аңыз-әңгіме

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Түлкібай батыр жайындағы аңыз-әңгіме
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ырысқұлов Якуда
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Қызылорда облысы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ.1062, 1-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 2; Ж. 24 29х20; 25х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Кезінде Қоқан хандығы бұл өңірде (Қызылорда обл.) орам құрады. Жергілікті қазақтардан түрлі салықтар жинап, әбден қинайды. Салық Түлкібай батырдың үйіне келгенде, салықшыларды қайтарып жіберіп, өзі таңсәрісімен бекініске барып, ондағы басшыларының бәрін қырады. Кейіннен Қызылордадағы Қоқан билеушілері Түлкібайды ұстап, басын алады. Бұған кектенген қазақ жігіттері сол аумақтағы Қоқан жендеттерін қырып-жояды.
13. Басы:
XVII-XVIII ғасырларда бұл төңірек Қоқан ханының қоластында болған екен.
14. Соңы:
Ордаға жетпей қалмақ (Қоқан) жендеттерінің күл-талқанын шығарған.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба тысталып, қызыл қоңыр жіппен тігілген.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат