∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Хиуа ханы мен Сырым

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Хиуа ханы мен Сырым
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1987 ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 990, 3-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Хиуаның ханы Сырым батырдың келе жатқанын естіп, алдап қолға түсіруді ойлайды. Ең болмаса, елге күлкі ғып, абыройын түсіріп жібергісі келеді де, оған қазақта айтылатын кейбір сөздердің мағынасын түсіндіріп бер деп сұрақ қояды. Алайда Сырым бұл сұрақтардан сүрінбей, ханның өзін отырғызып кетеді. Бұған көне алмаған хан жансыз жіберіп, Сырымның үзеңгісіне у жағып өлтіртеді.
13. Басы:
Сырым батырдың келе жатқанын естіген хан алдынан үй тіккізіп, құрмет көрсетіп, алдап қолға түсіруді ойлайды.
14. Соңы:
Бірақ дәрі алып Таумұрат жеткенше, Сырым батыр қайтыс болады.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат