∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтін қара өлең үлгісінде айтылады. Өлең көркемдігі кемелденген, эстетикалық қуаты жоғары тармақтардан құралған. Мазмұндық-идеялық жағынан қалыптасқан сыңсудың ізі бойынша жазылған. Мұңды, элегиялық сарын өлеңнің әр жолдарынан аңғарылады. Өлең аралас буынға құрылған.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтін қара өлең үлгісінде айтылады. Өлең көркемдігі кемелденген, эстетикалық қуаты жоғары тармақтардан құралған. Мазмұндық-идеялық жағынан қалыптасқан сыңсудың ізі бойынша жазылған. Мұңды, элегиялық сарын өлеңнің әр жолдарынан аңғарылады. Өлең аралас буынға құрылған.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Өлең тармақтары толымды өлшеммен, қисынды ұйқаспен айтылады. Өлеңнің 1, 2, 4-жолдары өзара ұйқасып, 3-ші тармағы бос қалып отырады. Өлең аралас буынды қара өлең үлгісінде келеді.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтін салиқалы мазмұнға құрылған толғау үлгісінде келеді. Өлең мазмұны жанрлық табиғатынан алшақтамайды, яғни қалыңдықтың мұң-шері, ішкі назы қоштасу сарынымен айтылады. 7, 8, 9 буынды тармақтарға негізделген.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Шағын үш шумақтан ғана тұратын бұл сыңсуда қыз бала туған босағасымен, ата-анасымен қоштасады. Мәтін толық емес.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Орынбор қазақтары арасында кең таралған сыңсу. Мәтінде жергілікті сөздер (мысалы: «шәйкиіз», «қызыл шарқат») көптеп кездеседі. Бойжеткен туған-туыс, ата-ана, бауырларымен жеке-жеке қоштасады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Бұл сыңсуда ұзатылғалы тұрған қыз сөзін жеңгесіне арнап қоштасады. Сыңсудың көпшілігінде қыз анасына не ауырына келіп-кетіп жүргейсің десе, бұл сыңсуда қыз жеңгесінің келуін сұрайды. Тек ең соңғы шумағында бауырымен қоштасады. Мазмұнынан қыздың малға сатылып, өз еркімен кетпегені байқалады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Қысқа 3 шумақтан тұратын мәтінде қыздың жатжұрттық екендігі, еркелеп өскен ерке қыздың назы айтылады. Кейінгі жылдарда жазылып алынған мәтін болғандықтан, бірнеше шумағы ұмытылып қалған болуы керек.