∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сеңгірбаева Г.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/135
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.20 30х19.5; 25х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сыңсу кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Мәтін салиқалы мазмұнға құрылған толғау үлгісінде келеді. Өлең мазмұны жанрлық табиғатынан алшақтамайды, яғни қалыңдықтың мұң-шері, ішкі назы қоштасу сарынымен айтылады. 7, 8, 9 буынды тармақтарға негізделген.
13. Басы:
Заманым өтіп басымнан, Дәуірім өтті басымнан.
14. Соңы:
Ел-жұртым сенен айырылып, Санамен жүзім солар-ау.
15. Қосымша мәлімет
Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова