∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Гүлнәр Сеңгірбаева.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1993 жылы, Ташкент қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/83
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.3; Ж.48 32х20; 28х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сыңсу кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Мәтін қара өлең үлгісінде айтылады. Өлең көркемдігі кемелденген, эстетикалық қуаты жоғары тармақтардан құралған. Мазмұндық-идеялық жағынан қалыптасқан сыңсудың ізі бойынша жазылған. Мұңды, элегиялық сарын өлеңнің әр жолдарынан аңғарылады. Өлең аралас буынға құрылған.
13. Басы:
Қарасуды жағалай қаз барады, Анасынан айырылған қыз барады.
14. Соңы:
Туысқанын сағынып, аңсағанда, Жүреді мұңлықтығын сонда біліп.
15. Қосымша мәлімет
Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова