∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов М.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1954-1984 ж., Орал қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
910/2
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.20 30х19.5; 25х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына кирилл әрпінде машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әріпмен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Өлең тармақтары толымды өлшеммен, қисынды ұйқаспен айтылады. Өлеңнің 1, 2, 4-жолдары өзара ұйқасып, 3-ші тармағы бос қалып отырады. Өлең аралас буынды қара өлең үлгісінде келеді.
13. Басы:
Көк шымылдық көтерші, көрсін әкем, Көзінің жасын көл етіп төксін әкем.
14. Соңы:
Әке-шешем жалтақтап би, болыстан, Қыз теңіне лұқсат сұрамайтын.
15. Қосымша мәлімет
Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова