∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шыңғыс хан туралы аңыз

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шыңғыс хан туралы аңыз
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Наурызбаев Әбілқасым
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1963 ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Қ. 242, 3-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 2; Ж. 25 20х16,5; 18х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін жол дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ертеде бір ханның қызы буаз болып қалады. Хан өлтірмекші болғанда, анасы өлтіртпей, сандыққа салып, суға ағызып жібереді. Анасының бұлай істеуі алдын-ала жоспарланған іс еді. Сол тұста Домбауыл деген мерген болыпты. Анасы соған қызды құтқарып, адам көрінбейтін жерге кетуді, кейін жағдай ұмытыла бастаған соң, қайтып алып келуді тапсырады. Домбауыл сандықтағы қызды құтқарып, биік тауға шығып кетеді. Қыз күні жетіп босанады. Атын «Шың-құз» деп қояды. Кейінен хан өлген соң ханым хан болады. Сол кезде баяғы қызын, Домбауыл мергенді еліне оралтып, Шыңғысты хан сайламақшы болады. Сонда Домбауылдан туған екі бала хандыққа таласады. Сонда ханым бұларға кім садағын сағымға ілсе, сол хан болсын дейді. Сөйтіп Шыңғыстың атқан оғы сағымға ілініп, елге хан болады.
13. Басы:
Ертеде бір ханның жалғыз қызы бар екен.
14. Соңы:
Бөденетай мен Тарбағатай тұқымдарын «жаман, шала төре» деп атайтын болыпты.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба тігістері сөгіліп, парақтары ажырап кеткен.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Салтақова Жанат