∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Ералы батыр
Қолжазбаның жанры
батырлық ертегі
Қысқаша мазмұны
Ертеде Ералы батыр әкесінен бата алып, оның алпыс амалын үйренеді. Осы амалдардың арқасында Айхан, Күлхан деген жауласқан екі ханды татуластырып, олардың қызын алып, бақытты өмір сүреді.
Қолжазбаның атауы
Алпамыс батырдың қиссасы
Қолжазбаның жанры
Батырлық жыр
Қысқаша мазмұны
Байбөрінің Алпамыстан басқа ұлы болмайды. Әкесі Шекті руынан шыққан Сарыбайдың қызы Күлбаршынды айттырады. Бірақ Сарыбай жалғызға қызымды бермеймін деп, көшіп кетеді. Барған жерінде қалмақтың Қараман деген батыры Күлбаршынға үйленемін деп әуреге түседі. Байбөрінің есігінде жүрген Күлтай деген күңінен алып денелі Ұлтанның туғаны, Байбөрінің той жасауы, Алпамыстың кемпірден Күлбаршын есімді қалыңдығы барын естігені, Байшұбарға мініп, Күлбаршынды іздеп шыққаны баяндалады. Қалмақ батыры Қараманмен соғысып, оны жеңіп, Күлбаршынға үйленеді. Алпамыс Тайшыққа қарсы соғысқа кетеді. Баласының атын Жәдігер деп қойыңдар деп тапсырады. Батыр жалмауыз кемпірдің алдауына түсіп, зынданға тасталады. Онда 7 жыл жатады. Қаракөзайымның көмегімен зынданнан шығып, ата-анасына жәбір көрсеткен Ұлтанқұлдан кегін алып, мұратына жетеді.
Қолжазбаның атауы
ايباس قارتتىڭ بالاسى شاعان بۇعى باتىردىڭ قيسساسى / Айбас қарттың баласы Шаған Бұғы батырдың қиссасы
Қолжазбаның жанры
Батырлық ертегі
Қысқаша мазмұны
Бұғы батырдың ерлігі, үйленуі жайында баяндалған. Балықшы шал мен кемпірдің жеті жасар жалғыз баласын жайын жұтып, елсіз бір аралдан келіп шығады. Кемемен келе жатқан саудагерлер баланы Мысыр шаһарына алып келеді. Қала жендеттері кісі өлтірдің деп пәле жауып, Шағанды патшс сарайына табыс етеді. Мысыр шаһарының бас уәзірінің қызы Бағдагүл Шағанды көріп, ғашық болады. Бірақ қыздың айдаһарға жем болатын кезекті күні таяу екен. Ай сайын үлкен қауіп төндірген айдаһарды Бұғы батыр өлтіріп, қала халқын таң қалдырады. Бағдагүл Бұғы батырға қосылады.