∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Алпамыс батырдың қиссасы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Алпамыс батырдың қиссасы
3. Авторы (Айтушы)
Сұлтанқұл Аққожаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Желеу Жақыпов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
С.Аққожаевтан 1948 жылы Қызылорда облысында жазып алып, 1953 жылы институт қорына тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезоа атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
50
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 55; Ж. 73
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Торкөз дәптерге көк сиямен жазылған
10. Қолжазба графикасы
араб әрпімен
11. Жанры
Батырлық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Байбөрінің Алпамыстан басқа ұлы болмайды. Әкесі Шекті руынан шыққан Сарыбайдың қызы Күлбаршынды айттырады. Бірақ Сарыбай жалғызға қызымды бермеймін деп, көшіп кетеді. Барған жерінде қалмақтың Қараман деген батыры Күлбаршынға үйленемін деп әуреге түседі. Байбөрінің есігінде жүрген Күлтай деген күңінен алып денелі Ұлтанның туғаны, Байбөрінің той жасауы, Алпамыстың кемпірден Күлбаршын есімді қалыңдығы барын естігені, Байшұбарға мініп, Күлбаршынды іздеп шыққаны баяндалады. Қалмақ батыры Қараманмен соғысып, оны жеңіп, Күлбаршынға үйленеді. Алпамыс Тайшыққа қарсы соғысқа кетеді. Баласының атын Жәдігер деп қойыңдар деп тапсырады. Батыр жалмауыз кемпірдің алдауына түсіп, зынданға тасталады. Онда 7 жыл жатады. Қаракөзайымның көмегімен зынданнан шығып, ата-анасына жәбір көрсеткен Ұлтанқұлдан кегін алып, мұратына жетеді.
13. Басы:
Бисмиллә сөздің анасы
14. Соңы:
Осымен бітті аяғы
15. Қосымша мәлімет
Жырдың 27-47-бетінде, төртінші қатардың аяқ шенінде автордың өз қолымен жазған бір жол өлең бар.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Әуесбаева Пакизат