∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Тазша бала
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Ертеде Қытай елінде бір хан болады. Ол бір күні түс көріп шешуін халқынан сүрайды, бірақ ешкім шеше алмайды. Ханның қызы түстің шешуін бір тазша балаға айтады. Тазша бала ханға барып шешуін айтады, бірақ ханнан қорыққанынан кім шешіп бергенін де айтып қояды. Хан қызын шақырып алып тазша балаға қосып, үйден қуып жібереді. Ақырында қыз ақылдылығымен тазша баланы әкесінің орнына таққа отырғызады.
Қолжазбаның атауы
Жынданған әулие
Қолжазбаның жанры
Сатиралық ертегі
Қысқаша мазмұны
Қырдың қуы Торсықбай мен сырдың қуы Борсықбай бірінен-бірі қулық асыруға серттеседі. Соның жолында екеуінің істеген қылықтары әңгіме болады. Ертегінің соңында екеуінің сыры ашылып, екі қу бірінен-бірі өнер асыра алмайтынына көздері әбден жетеді.