∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Назым қыздың әңгімесі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Назым қыздың әңгімесі
3. Авторы (Айтушы)
Серік Әбженов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Нұғман Әменов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1956 жылы Павлодар қаласында жазылып алынған. Институттың қорына 1957-1958 жылдары түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
341
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; Ж. 27
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көз дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен жазылған.
11. Жанры
Батырлық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Баяғыда бір ханның Назым деген қызы күйеу таңдамақ болып, бүкіл халқын жинапты. Жинаған адамдардан ешкімді ұнатпапты. Сол кезде тоқсан үйлі тобыр мен сексен үйлі селдірді асырайтын Қамбар деген кедей жігітті аң аулап жүрген кезінде Назым қыз көріп, ғашық болады. Бұл жігітті ағалары кедейсініп, тойға шақырмаған екен. Басқа елдің ханы Назымға ғашық болып, Назымды берсін, бермесе, елін шабамын деген соң Назымның ағалары Қамбарға елші жіберіп «Елді жаудан қорғасын, Назымды өзі алсын» дейді. Ел намысына шыдамаған Қамбар шет жаудан елді қорғап, Назым қызды алады.
13. Басы:
Баяғыда бір хан болыпты.
14. Соңы:
Назым қызды өзі алып, мұрадына жетіпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пәкизат Әуесбаева