∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

ايباس قارتتىڭ بالاسى شاعان بۇعى باتىردىڭ قيسساسى / Айбас қарттың баласы Шаған Бұғы батырдың қиссасы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
ايباس قارتتىڭ بالاسى شاعان بۇعى باتىردىڭ قيسساسى / Айбас қарттың баласы Шаған Бұғы батырдың қиссасы
3. Авторы (Айтушы)
Әшім Нұрлыбайұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әшім Нұрлыбайұлы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Алматы облысы, Қаскелең ауданында жазылған. 1959 жылы институттың қолжазба қорын автор жіберген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
337
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 34; Ж. 48
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Батырлық ертегі
12. Қысқаша мазмұны
Бұғы батырдың ерлігі, үйленуі жайында баяндалған. Балықшы шал мен кемпірдің жеті жасар жалғыз баласын жайын жұтып, елсіз бір аралдан келіп шығады. Кемемен келе жатқан саудагерлер баланы Мысыр шаһарына алып келеді. Қала жендеттері кісі өлтірдің деп пәле жауып, Шағанды патшс сарайына табыс етеді. Мысыр шаһарының бас уәзірінің қызы Бағдагүл Шағанды көріп, ғашық болады. Бірақ қыздың айдаһарға жем болатын кезекті күні таяу екен. Ай сайын үлкен қауіп төндірген айдаһарды Бұғы батыр өлтіріп, қала халқын таң қалдырады. Бағдагүл Бұғы батырға қосылады.
13. Басы:
ءبىر كەمپىر ءبىر شالمەن بالىق اۋلار / Бір кемпір бір шалмен балық аулар
14. Соңы:
كەتتى دەپ جۇرمەڭىزدەر قالىپتى ۇلدى اپ / Кетті деп жүрмеңіздер қалыпты ұлды ап
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Әуесбаева Пакизат