∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
داريا مارس سۇلۋدىڭ كىلەمگە سالعان ورنەگى / Дария сұлудың кілемге салған өрнегі
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Бағдад шаһарының патшасы Арон Рашид өте шебер суретші, өрнекші өздеп табуға жарлық береді. Жағыпар уәзірдің жалғыз қызы Дария Марс сұлудың суретшілік-өрнекшілік даңқының шартарапқа тарайды. Ол барлық жан-жануарды тірідей, табиғат көркін дәл етіп кілем тоқыған. Арон Рашид бұл кілемді көріп, таң қалады. Арон Рашид сұлуды алмақшы болғанда қыз: «Егер мені әйелдікке алсаң, менің құрбым Орман сұлу екеумізді бірдей ал» деп шарт қояды. Көрші төрт патшалыққа Арон Рашид той жасайды. Күндердің күнінде Дария Марс ұл туып, атын Әбутәліп деп қояды. Орман сұлу да ұлды болып, атын Мағау Рашид қояды.
Қолжазбаның атауы
عانجابانۋ سۇلۋدىڭ كەستەلى ورامالى / Ғанжабану сұлудың кестелі орамалы
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Зубак шаһарынын патшасы Маран Тайырдың 30 жасқа келгенде туған кунін тойлайды. Әкелген сыйлықтардың ішінде әскер қолбасы Әлиқастын жалғыз қызы Ғанжабанудың алтын, жібек жіппен кестелеп тіккен қолжаулығы ерекше болады. Ол қолжаулық оң қолға ұстаса тоты құс болып сөйлеп, сол қолға ұстаса сандуғаш болы сайрайды. Бұл сыйлыққа патша қатты риза болып, Ғанжабануды іздейді. Барлық уәзір, қолбасшы, халқы болып, Ғанжабану сұлуды патшаға алып береді. Маран Тайыр патша заң тәртіптерін өзгертіп, әділдік жолға туседі. Құддұс шаһарының патшасы Қасен Бинаб соғыс жариялап, Маран Тайыр патша мен қолбасшы Әлиқас соғысқа стратегиялық дайындық жасайды. Соғыс майданында екі патша әскерлері соғысып, Қасен Бинаб патшасы қатты қырғынға ұшырап, қолға түседі. Оның жалғыз қызы Маринал сұлуды Сәуір батырдың алады. Маран Тайыр патшаның әйелі Ғанжабану жүкті болып, Маран Асқан атты ұл көреді. Ол ұл өсіп ер жетіп әскери өнерді, стратегияны жетік үйреніп үлкен қолбасшы болады. Шаһарзат сұлуды алып, керемет той жасайды. Зұмұтқа шаһарының патшасы Алқай соғыс жариялап, Зубак патшасы Маран Тайыр, оның ұлы Асқан, әскери қолбасы Маран Қас соғысқа дайындалады. Зумут патша қатты қырғынға ұшырап жеңіледі. Маран Қас батыр қалың қол бастап Зумут шаһарын басып алады. Зумут шаһарының патшасы Алқайдың Ғапура, Мабура атты екі қызын бірдей Маран Қас батыр әйелдікке алады. Маран Қас батыр осы әйелден үш ұл көріп, оларды Бағдат шаһарына оқытып, улкен ғалым дәрежесіне жеткізеді, сөйтіп барлық арман-мақсатына жетеді.
Қолжазбаның атауы
Жаман адамды патша қылған қыз
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Ертегіде өз сырын ашып қойғаны үшін қатал әкенің қаһарына ұшыраған патша қызы туралы әңгіме болады. Патша әмірі бойынша, еліндегі ең жаман адамға қосақталған ақылды патша қызы ақырында жаман күйеуін патша тағына мінгізеді.
Қолжазбаның атауы
Жалғыз өгізді жарлы
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Бұрынғы заманда не малы жоқ, не баласы жоқ, мал атаулыдан жалғыз өгізі бар кедей болыпты. Әлгі кедейдің әйелі өзі сұлу, өзі ақылды екен. Ертегіде сол әйелдің ақылдылығы мен адамгершілігі сөз болады.
Қолжазбаның атауы
Жақсылыққа жақсылық
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Қараңғы қапасқа қамалып қалған үш жігіттің өздерінің адамдарға жасаған жақсылықтарының арқасында сол қиыншылықтан құтылғандығы баяндалады.
Қолжазбаның атауы
زاۋزا سۇلۋدىڭ جار تابۋى / Зауза сұлудың жар табуы
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Сергүн шаһарында Әбілмәмбет ата-анасынан жетім қалып, біраз сергелдеңнен соң Ғайбар көпестің қызы Зауза сұлуға кез болып, екеуі шаңырақ көтереді.
Қолжазбаның атауы
نارگوز سۇلۋدىڭ قيكاياسى / Наргөз сұлудың хикаясы
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Басра шаһарының патшасы Темур 42 жаста таққа отырады. Оған қарасты қырық уәзірі, он әскер қолбасшысы, он дали (губернаторы) сегіз батыры, жиырма ақылшы биі, елу сегіз мың әскері болады. Ол Йемен шаһарының патшасы Әл Қанурстың қызы Наргөз сұлуды алады. Күндердің күнінде көршілес Нанган шаһарының патшасы Ғайсар Мәуліт отыз мың әскерімен Темур патшаға шабуыл жасайды. Темур патша он мың әскермен майданға шығып, Нанган шаһарының патшасы Ғайсар Мәулетті бас идіреді. Темур патша мен Наргөз сұлу Мағау атты бір ұл көреді. Ұл ер жетіп, Амаурат шаһарының патшасы Әл Қанурстың жалғыз қызы Бұлғын сұлуды айтады.
Қолжазбаның атауы
عانجابانۋ سۇلۋدىڭ قيكاياسى / Ғанжабану сұлудың хикаясы
Қолжазбаның жанры
новеллалық ертегі
Қысқаша мазмұны
Сұрап шаһарының патшасы Мұқаррап Бағдат патшасы Қысыраудың қызы Ғанжабану сұлуды алады. Ғанжабану ұл тауып, атын Айбат-Бекзат қояды. Оны Қысырау патша бала қылып алып, тәрбиелеп өсіреді. Айбат-Бекзат Шәкір батырдың қызы Сақып сұлуға үйленеді.