∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тойбастар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тойбастар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бекхожина Талиға.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1965 жылы Қостанай-Орынбор экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
625
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2. П. 2; Ж.32 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кирилл әрпінде машинкаға терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тойбастар
12. Қысқаша мазмұны
Мәтінді жазып алу кезінде кейбір сөздер мен өлең жолдары танылмай қалған. Атауы тойбастар деп аталғанмен, мәтін мағынасы ұзату той кезіндегі қыздың ата-анасын жұбату жырына келеді.
13. Басы:
Біз келдік той бастауға домбыра алып, Кетуші ек айғай салсақ топты жарып.
14. Соңы:
Көзімнің көгершіні еркеледің Қадірің еш кеткен соң жетеді-ау деп.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова