∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тойбастар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тойбастар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бейсенгүл Сағатова, Қыдырәлі Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Оңтүстік Қазақстан облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/56
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 35. 29х19; 25х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
тойбастар
12. Қысқаша мазмұны
Бұрын-соңды жарияланбаған бұл мәтін төрт тармақты, көп тармақты жолдан тұрады. Өлең мазмұнында тойдың салты, той иелерінің жақсы тілеуіне үн қосу сияқты жоралғылар айтылады. Мәтін он бір буынды өлең өлшеміне құрылған.
13. Басы:
Ассалаумағалейкум, қайран елім
14. Соңы:
Ойнайды жабағы, тай жалын шайнап
15. Қосымша мәлімет
Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова