Ежелден келе жатқан жосынды сақтай отырып, той бастайтын ақын жігіт тойшыл қауымның көңіліндегісін дөп басып айтып, той мерейін асыра түседі. Құдайдың берген несібесін елмен бөлісіп отырған жомарт жандардың жақсылығын да тіліне тиек етіп, жұртқа таныстыра кетеді. Осылайша ары қарай тойдың өз деңгейінде қуанышты өтуіне деген ақ тілегімен тойды бастап береді.