∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Дариха Абдуллаева.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1993 жылы, Ташкент қаласы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/83
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.3; Ж.51 32х20; 28х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Өлең мәтінінде сыңсудың жанрлық ерекшелігіне сай тұрақты қайталаулар орын алады. Өлең дені төрт тармақты, буындық құрамы жағынан толымды ұйқаспен айтылған. Мәтінде үш тармақты бір ғана шумақ кездеседі. Өлең аралас буынға құрылған.
13. Басы:
Наны тәтті Ташкенттің, жолы қатты, Жанға салып айдайды арық атты.
14. Соңы:
Артымда жалғас өскен екі бауырым-ай, Көзімнің ағы менен қарасындай.
15. Қосымша мәлімет
Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова