∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Әбдімүмінова Жұман.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1988 жылы Әмудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті мен этнографиялық мұрасын жинау экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/83
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П. 1; Ж. 12 17,5х28; 14х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Ұзатылып жатқан қыздың ел-жұртымен қоштасуы. Жыр мазмұнынан қыздың қимас сезімі аңғарылады. «Мақсаты мал бергеннің болад тағы» деген жолдардан қыздың өз қалауымен кетпегені де байқалады. Қыз ағаларының атын атап, бабаларының амандығын тілеп қоштасады.
13. Басы:
Төрт бұрышы түндігімнің басбауым-ды Сұрайды алты жеңгем шашбауымды.
14. Соңы:
Өмірі Шәкіраттың жылап өткен, Алдында пенде білмес ненің барын.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова