∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
ماۋلەد ءنابي / Мәулед Нәби
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Мұхаммед Мұстафаның әкесі – Абдолла, шешесі – Әмина Уахап қызы. Әмина Мұхаммедке жүкті болғаңда, еш нәрсе сезбепті, еш жері ауырмаиты. Тек ұйқылы-ояу жатқаңда біреу келіп, Әминаның жүкті болғанын, ерекше бала туатынын айтады. Босанатын уақыт болғанда, әлгі тағы келіп «Атын Мұхаммед деп қой» дейді. Толғақ қысқанда Әминаның жанында ешкім болмайды. Гүрілдеген дыбыс шығады. Әмина қатгы қорқып кетеді. Сол кезде ақ құс келіп, қанатымен сипап кетеді. Аппақ су ұсынады. Әмина ішіп алады, күш жинайды. Сол кезде көп тізілген өйелдерді көреді. Бәрі ұзын бойлы, әсем. Жер мен көктің арасы бау, жібектен шымылдық құрылған, қаптаған құс. Бәрі бұның босануына әзір тұр. МұхаммеД Мұстафа ерекше көркем болып туады. Мұхаммед тумастан екі ай бұрын атасы қайтыс болады. Мұхаммед өте ақылды, саналы болып өседі. Алты жаста шешесі қайтыс болады. Онан соң Әбу Талиптің қолында өседі. Қырық жасында Алланың пәрменімен Пайғамбар болады. Ислам дінін уағыздай бастайды. Жиырма беске келгенде, қырық жастағы Хадиша деген бай әйелге үйленеді. Ұл- қыздары болады. Көзі тірісіңде бәрі үйлі-жайлы болады.
Қолжазбаның атауы
Шах Сүлеймен хикаясы
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Бұл діни дастанда Шах Сүлейменнің және оның Дәуіт деген баласының өмірі баяндалады. Барлық тірі жандарды (адамдар, құрт-құмырсқа, жылан-шаян) Құдайдың жаратқаны дейді дастанда.
Қолжазбаның атауы
Хикаят Дақайық әл Ахбар/ حىكايەت داقايىق الاحبار
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Мұхаммед пайғамбар туралы, оның нұры, он сегіз мың ғалам, Лаух пен Қалам, Ұжмақ пен Тамұқ туралы айтылады. Мұнан соң Мұхаммед пайғамбар Ислам негізін салушы ретінде халықты мұсылман дініне кіргізіп, насихаттап, уағыздай бастайды. Ажал жеткен кезде Әзірейіл келіп жан алатынын айтады. Жұмаққа түспегендер дозақ отына шығарылатыны сөз болады. Шаһиттар мен кәпірлер туралы сөз болады. Тән мен жан туралы айтылады. Жұмақта Мұхаммед пайғамбардың нұры күннен-күнге арта түседі. Онда хор қыздары қызмет етеді. Бұл дүниеде өлімнен ешкім құтылмақ емес. Қалай тығылсаң да өлім келген соң, алмай тынбайды дейді. Қабірде жалғыз жатып, дүние қызығының бәрінен қалады. Бала-шаға әйелі артында жылап қалады дейді. Адамның рухын сөйлетіп, бұл дүниенің жалған екенін айтады.
Қолжазбаның атауы
Қарға қиссасы
Қолжазбаның жанры
діни дастан
Қысқаша мазмұны
Қарға батыр бұл кезге дейін ешкімге айтпай келген сырын, сүйген жары Гүлсімге калай үйленгенін баян етеді. Ол былай болған екен. Бір жолы Қарға мал ұрлауға Сіргелі еліне барып, шөлдеген соң, бір үйге кіріп сусындамақ болады. Үйдегі қыз мұның сәлеміне жауап та бермейді, қымыз да құймайды. Қарға қымызды өзі құйып ішеді. Жылқы ұрлайтын мезетті күтіп, кеш қарайғанға дейін жатады. Сол кезде бір ат мініп, бір ат жетелеп бір жігіт келеді де, екі атты талға байлай салып, кетіп қалады. Жасырынып жатқан Қарға көп ойланбастан, екі атқа қызығады да, шешіп алып өзге жерге жасырып қояды. Артынша жанына бір қыз ертіп келген әлгі жігіт аттарын таба алмай, дал болады. «Аттар босанып кетті-ау» деп шамалап, жігіт келген бағытымен іздеуге кетеді. Сол кезде әлгі екі аттың бірін мініп, бірін жетелеп Қарға қыз алдына жетіп келеді. Ойында еш алаңы жоқ қыз көлденең тосылған атқа шапшаң ырғып мінеді де екеуі үнсіз тартып кетеді. Жігіт ілгерірек жүріп отырып, өзін танытпайды. Тек елден алыстаған кезде ғана үн қатады. Алданғанын енді ұққан қыз ағыл- тегіл жылап, жігітті кінәлап сөйлейді. Сонда жігіт: “Мен сені еркіңсіз алмаймын, өкінетін болсаң, жаманыңа апарып тастайын”, – дейді. Жігіттің өктем алғырлығын көрген қыз сол жерде өз тарихын баян етеді. (Бір күн бұрын Қарғаны менсінбеген тәкәппар қыз сол болатын). Оны сүймеген, жарыместеу бай баласына айттырған екен. қыз көңілі бұған разы болмай, жақында ғана өлең айтып танысқан Ғалым деген жігітке тиюге бекініпті. Ғалымды біліп те, сүйіп те үлгермеген, тек амалсыздықтан, айттырған жеріне бармаудың жолы деп осылай шешіпті. Ақылды қыз “Енді қайтьш барсам, Ғалым да күдіктенер, бағыма не жазса да көріп алдым”, – деп, Қарғаға ризашылықпен ереді… Кедей Қарғаның қыз түсірерлік үйі де, күйі де жоқ еді. Сол үшін ол Қалша деген досын табынның батыр балалары Бұхарбай мен Сейілге жібереді. Олар, әсіресе, Сейіл жігіттің назары төмен болмасын деп, мал шығарады, үлкен той жасап, Қарғаға еншіге мал бөліп береді. Қарға Гүлсімнің елде қалған шешесінен кешірім сүрайды. Қыз үшін дауласқан елдің жиынына барып, шындықты айтып, сол елге күйеу болып қайтады. Сүйгенімен баянды өмір кешеді.