Діни қисса, тарихи аңыз, әпсаналарға толы жыр. Діни дастандар арқылы Ислам тарихын қазаққа сіңдіру жағы басым жатыр. Мұхаммед пайғамбар жырында аштық, ашаршылық және ондай бәледен құтылудың амал-тәсілін жақсы баяндайды. Адам баласы қанша аш болса да ұрлық жасап, күн көруге болмайтындығын жеткізіп айтқан. Тәрбиелік мәні бар үлкен проблемалар да діни қиссадан кең орын алған. Ғайыптан тілек орындалып, мақсатына жету үшін, Қызыр (қазақша Қыдыр) Ілияс пайғамбар күшімен жерге шаншып қойған аса таяқ басына шипалы жеміс пісірді. Мұхаммед жас бала кезінде жетім болып өседі. Жоқ-жітікті көп көреді. Жоқшылықтың зардабын тартқан Мұхаммед тойға киіп баруға киім таба алмай, жалаңаяқ, жалаңбас баруға ұялып отырған жері нақты мысал бола алады. Мұхаммед пайғамбар Әбу Жаһілді күресте жеңіп, Қадишаға үйленеді.