∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсуда қыз әуелі туған жұртымен, жеңгесімен, ағасымен, анасымен арнайы сөзін арнап қоштасады. Қыз ағасына жақын жандарын табыстайды. Сыңсудан қыздың еркінен тыс ұзатылып бара жатқаны аңғарылмайды. Сондай-ақ бір ерекшелігі – бұл сыңсуда қызға жұбату сөз де айтылған. Оның мұңаюына ешқандай себеп жоқ екенін білдіріп, басу айтқан.
Қолжазбаның атауы
Қыз сыңсуы
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Бұл сыңсуда ұзатылып бара жатқан қыздың еркелетіп өсірген еліне деген қимас сезімі бар. Қыз кей-кейде еркелікке бой беріп, шаруаны ысырып қойғанын, жеңгесінің өзіне дәйім демеу болғанын жеткізеді. Артында қалған бауырымен ерекше қош айтысады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсу мазмұнынан қыздың малға сатылып, теңдігінің сақталмағаны, өзі қаламаған жанға ұзатылып бара жатқаны байқалмайды. Қыз қазақы салтпен, жөн-жосығымен өзінің артында қалған жұртына сөзін арнайды. Еркелеп өскен елін қимай бара жатқанын білдіреді.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Қысқа-нұсқа бұл сыңсудан қыздың жасына жетпей ұзатылғаны ашық айтылған. Қыздың реніші айқын аңғарылады. Қыз өзін еркелетіп өсірген ата-анасымен қоштасады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салта
Қысқаша мазмұны
Сыңсу мазмұнынан қыздың теңдігі, оның өз қалауымен немесе малға сатылып кетіп бара жатқаны аңғарылмайды. Қыз тек ел-жұртына қош айтысып, өзімен тай-құлындай тебісіп өскен әпке не құрбысына сөзін арнайды. Оның басына түскен күн мұның да басына түскенін білдіреді. Туған жұртын қимай тұрғанын айтады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсудың формасы басқа сыңсуларға қарағанда өзгеше. Қыз әуелі анасымен қоштасып, өзінің артынан іздеп тұруын сұрайды. Анасы да қызына жауап беріп, аналық ақылын айтады. Бұдан кейін туған жұртында еркелеп өскен қыз әкесімен және ағасымен, жеңгесімен, әпке-сіңлісімен ретімен қоштасады. Бұл сыңсудан қыздың өзі қаламай кетіп бара жатқаны айқын аңғарылады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсудан қыздың өз жұртына, әкесіне қатты өкпелі екені аңғарылады. Қыз: «он төртке жасым келгенде» деп өзінің жастай ұзатылып жатқанын білдіреді. Жыр жолдарынан қыздың өзінің туған анасының жоқ-жетім екендігі де айтылған. «Қырық жеті қара қалыңға» деген жолдардан сол уақыттағы қыздың қалыңмалының құнын да білеміз.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Қысқа қайрылған бұл сыңсуда қыз анасынан бастап, бауырларымен, ең соңында әкесімен қоштасады. Көп сыңсуда қыз өзінің жастай ұзатылып бара жатқанын «Бір жазға менің көп көрді» десе, бұл сыңсуда «Бір қысқа мені көп көрді» дейді. Сыңсудың мазмұны қысқа. Десе де, қыздың мұң-зары, жұртына деген өкпесі айқын аңғарылады.