Сыңсудың формасы басқа сыңсуларға қарағанда өзгеше. Қыз әуелі анасымен қоштасып, өзінің артынан іздеп тұруын сұрайды. Анасы да қызына жауап беріп, аналық ақылын айтады. Бұдан кейін туған жұртында еркелеп өскен қыз әкесімен және ағасымен, жеңгесімен, әпке-сіңлісімен ретімен қоштасады. Бұл сыңсудан қыздың өзі қаламай кетіп бара жатқаны айқын аңғарылады.