Қысқа қайрылған бұл сыңсуда қыз анасынан бастап, бауырларымен, ең соңында әкесімен қоштасады. Көп сыңсуда қыз өзінің жастай ұзатылып бара жатқанын «Бір жазға менің көп көрді» десе, бұл сыңсуда «Бір қысқа мені көп көрді» дейді. Сыңсудың мазмұны қысқа. Десе де, қыздың мұң-зары, жұртына деген өкпесі айқын аңғарылады.