∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Сыңсу
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Сыздықова Күлзия
4. Жинаушы, тапсырушы:
Рахымов Б.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Прогресс совхозында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
968
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.5; П. 5; Ж. 164 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін тор көзді дәптер қағаздарына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Сыңсу мазмұнынан қыздың малға сатылып, теңдігінің сақталмағаны, өзі қаламаған жанға ұзатылып бара жатқаны байқалмайды. Қыз қазақы салтпен, жөн-жосығымен өзінің артында қалған жұртына сөзін арнайды. Еркелеп өскен елін қимай бара жатқанын білдіреді.