«ЭПОС - Батырлар жыры» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Qoblan batьrdьŋ balasьnьŋ сьrь / Қоблан батырдың баласының жыры
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Қобланды мен Құртқа ұзақ уақыт перзент көрмей, Құдайдан бала тілейді. Құртқа жолбарыстың жүрегіне жерік болып, кейін ұл табады. Қобланды тойға кеткенде, қалмақтар Қодардың көмегімен оның елін шабуға келеді. Жауды қуған Қобландының аты өзенге құлап, батыр суға кетеді. Қалмақтар ауылды шауып, Құртқаны тұтқынға әкетеді, ал жұртта қалған нәрестені Бөрібай байдың тоқалы Қаракүң тауып алып, Жаскелең деп ат қояды. Он бес жасқа толған Жаскелең Қобландыны іздеуге аттанған Қази бастаған батырлардың соңынан барады. Ол жауды жеңіп, Қолакөкірек ханды өлтіреді және зындандағы тұтқындарды босатады. Сол жерде Жаскелең анасы Құртқамен табысады. Кейін барлығы елге оралып, Құртқаны Бөрібайға қосады.
Қолжазбаның атауы
Qoblandь batьr / Қобланды батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Қият руынан шыққан Қараман батыр Қазанды шабуға аттанып, Қобландыны бірге жүруге шақырады. Құртқа Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі барын айтып, сапарға бармауға кеңес береді. Алайда Қараманның сөзіне намыстанған Қобланды жорыққа аттанып, Қазанды жалғыз өзі алады да, олжаны серіктеріне үлестіреді. Кейін Қобланды мен Қараман Көбіктінің жылқысын айдап әкетеді. Көбікті оларды тұтқындап, қызы Қарлығаның қарауына береді. Қобландыға ғашық болған Қарлыға екі батырды зынданнан босатып, олармен бірге қашады. Қуып жеткен Көбіктіні Қобланды Қарлығаның көмегімен өлтіреді. Қараман Қарлығаны сауғаға сұрап алады. Қияттар жеңісті Қараманға теліп, Қобландыны елеусіз қалдырады. Түсінде елінің жау қолында қалғанын білген Қобланды Құртқа қалдырған белгілер арқылы Алшағырдың қаласына жетеді. Құртқаның ақылымен бекіністің осал тұсын анықтап, Қарлыға, Қараман және Орақ батырлармен бірге жауды жеңеді. Батырлар Алшағырды өлтіріп, ел-жұртын азат етеді де, Қараспан тауына қайта қоныстандырады.
Қолжазбаның атауы
Қобланды
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Он екі баулы ноғайда жасы сексенге келген Қыдырбай деген бай болады. Оның Меңдісұлу атты әйелі болады. Осы жасқа келгенше бұлардың баласы болмайды. Сондықтан Ақшахан Қыдырбайдың байлығын өз қолына түсіріп алуды көздеп, әртүрлі амал жасайды. Бұл жайды білген Меңдісұлу құдайдан бала сұрап, дүние кезеді, тілегі қабыл болады, бір ұл, бір қыз туады. Ұлдың аты – Қобланды, қыздың аты – Хансұлу. Жасы он екіге келгенде Қобланды жылқы бағады, ел шетінде жүреді. Малда жүріп алыстан бұрқыраған шаң көреді. Оның мәнісін сұраса, қалмақ ханы Алшағырдың елінде Көктім кемпір және оның Құртқа дейтін сұлу, ақылды, білгір қызы бар екен. Қызға үйленеміз деушілер көп екен. «Кімде-кім бәйтеректі садақ оғымен атып жықса, соған тиемін» деп қыз шарт қойыпты. Оны Қобланды ғана орындап, Құртқаға үйленеді. Құртқа Қыдырбайдың көп жылқысынан құла биені таңдап, оның ішіндегі құлын болашақта батырға жолдас тұлпар болатынын біледі, биені бөлек бағады. Бұл кезде Алшағыр және оның Айқасқа, Жантасқа секілді батырлары Қобландыны қонаққа шақырып, өтірік дос болады, олар батырдың көзін жоюды көздейді. Ол үшін қалмақтың Бектас деген батырымен астыртын байланыс жасайды. Содан кейін Қобландыға Алшағыр: «Дос екенің рас болса, қас-жауым Бектастан кегімді әпер», – дейді. Оған қарсы Қобланды аттанып кетеді. Бектасты жеңіп, Қобланды еліне келсе, елі шабылып қалғанын көреді. Сұрастырса, оны Алшағыр шауып кеткен екен. Қыдырбайды – құл, Меңдіні тезекші етіп қойыпты, Құртқаны алмақ ойда екен. Сол жерде Қобланды соғыс ашып, Алшағырды жеңеді де, ел-жұртын босатып алады.
Қолжазбаның атауы
Қобланды батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Қият руынан шыққан Қараман батыр Қазанды шабуға аттанып, Қобландыны бірге жүруге шақырады. Құртқа Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі барын айтып, сапарға бармауға кеңес береді. Алайда Қараманның сөзіне намыстанған Қобланды жорыққа аттанып, Қазанды жалғыз өзі алады да, олжаны серіктеріне үлестіреді. Кейін Қобланды мен Қараман Көбіктінің жылқысын айдап әкетеді. Көбікті оларды тұтқындап, қызы Қарлығаның қарауына береді. Қобландыға ғашық болған Қарлыға екі батырды зынданнан босатып, олармен бірге қашады. Қуып жеткен Көбіктіні Қобланды Қарлығаның көмегімен өлтіреді. Қараман Қарлығаны сауғаға сұрап алады. Қияттар жеңісті Қараманға теліп, Қобландыны елеусіз қалдырады. Түсінде елінің жау қолында қалғанын білген Қобланды Құртқа қалдырған белгілер арқылы Алшағырдың қаласына жетеді. Құртқаның ақылымен бекіністің осал тұсын анықтап, Қарлыға, Қараман және Орақ батырлармен бірге жауды жеңеді. Батырлар Алшағырды өлтіріп, ел-жұртын азат етеді де, Қараспан тауына қайта қоныстандырады.
Қолжазбаның атауы
Кобланды батыръ
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Алпысқа келген Қыдырбайдың әйелі Мақпалдан егіз бала туады, ұлына Қобланды, қызына Қарлығаш деп ат қояды. Он бес жасқа келгеннен кейін Қобланды әкесінен рұқсат сұрап, шөп шабуға шығады. Шөп шауып жүріп, қалмақ жерінің шегіне шығып кетеді. Ол Алшағыр ханның жері екен, Қобланды оны өлтіреді. Бір күні алыстағы ауылда той болып жатқанын естіп, Қобланды сонда барады. Ол қалмақ қызы Құртқаның тойы екен. Қызды қалмақтың Қызыл батыры алғалы жатыр екен. Қыздың шешесі қызын батырға беруге риза болмай, қабақты кім атып түсірсе, қызымды сол алсын депті. Қабақты Қобланды атып түсіреді. Қызды шешесімен көшіріп еліне алып келе жатады. Қыз оған риза емес, мұны сезген Қобланды Қызылбастың еліне барып, оны өлтіреді. Құртқа Қобландыға жақсы көрінбек болып, Қыдырбайдың жылқысынан бір буаз бие алып, оның құлынын күнінен бұрын тудырып асырайды. Қырық рулы қияттың елін қалмақ шаппақ болғанын Қараман естіп, Қобландыға келеді. Қобланды жауға мінетін атының әлі өспегенін айтып, Қараманға ермей Қалады. Қараман Қобландыны жауға бармай үйде қалдың, қатынсың деп, өзі аттанып кетеді. Оған ыза болған Қобланды Қараманның артынан қуып жетіп, басып озып, қалмақта Көбікті дегеннің еліне келеді. Көбіктіні, баласы Быршымбайды да өлтіреді. Көбіктінің қызы Қарлығаны Қобланды алады.
Қолжазбаның атауы
قوبلاندى باتىر / Қобланды батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Қобланды мен Қараман Қазан батырға аттанып, жеңіспен оралады. Қараманның айтуымен Көбіктіге аттанады. Көбікті екеуін қолға түсіріп, зынданға салады. Хан қызы Қарлығаның көмегімен батырлар Көбіктіні қайта шабады. Бұл кезде Қобландының елін жау шауып кетеді. Қобланды бастаған (Қараман, Орақ, Қарлыға) батырлар Алшағырмен соғысады. Жау жағынан Тоғанас, Қарабатырлар қаза табады. Біршымбайды Қарлыға өлтіреді. Ханның қызы Қанікей мен Тінікейді қолға түсіреді. Қобланды ел-жұртын, әке-шешесі мен қарындасын азат етеді. Қыпшақтар үлкен той жасайды. Құртқадан Бөгембай деген бала туады. Ол алты жасқа келгенде, батырлық көрсетеді. Осы кезде кегі бар Шошай хан шабуыл жасайды. Бұл соғысқа Бөгембай да қатысып, үлкен ерлік істейді. Ақыры Шошай ханды жеңеді. Көптен үмітті боп жүрген Қарлыға Қобландыға өзінің ойын айтады. Қобланды Қарлығаның кінәсін бетіне басады. Оқиға осымен аяқталады.
Қолжазбаның атауы
شىڭعىسحان باسقىنشىلىعى / Шыңғысханның басқыншылығы
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Оқиға ХІІ ғасырда Хорезм ханы Мұхаммед шах Хорезми мен Шыңғыс хан арасында өтеді. Жазушы Әбужаппар бала кезінде Бағдатқа оқу-білім іздеп барады. Мұғалімі Шайхислам молдамен адамзаттың жаратылысы туралы таласып, “Аллаға тіл тигізді” деп дарға асуға ұйғарылады. Жаппар Үргеніш деген Хорезм хандығының орталығына қашып барады. Жаппар үшін әкесін зынданға қамайды. Ол өлген соң інісі Толықты қамайды. Осымен 1, 2-бөлім соңы 3-бөлімде Әбужаппар диуана болып он бес жыл өтеді. Сегіз ұлттың тілін біледі. Кезіп жүріп Қызылқұмға келсе төрт үй көреді. Үйде төрт мылқау, бір жаралы адам бар екен. Жаралы адам тілге келгенде, білгені, Қарақанжар атты қарақшы кескілеп кеткен Махмұт деген ұста екен. 24 бөлімнен тұратын бұл жырда мұнан ары Шыңғыс ханның Хорезмді қалай жаулап алғандығы туралы айтылады.
Қолжазбаның атауы
Шора батыр
Қолжазбаның жанры
Батырлар жыры
Қысқаша мазмұны
Сыр бойындағы елге Қазаннан қырық үйлі тама келіп қосылады. Соның ішінде Нәрік бай перзентінің жоқтығынан тепкі көріп, елінен шығып кетеді. Сөйтіп әулиелерге түнеп, зар илеп жүріп Шора атты ұлды болады. Шора ертегідегідей ғажайып күш иесі болып ержетеді. Алты жасқа келгенде, өзінің тама руынан шыққан қырық баланың кегін алмаққа аттанады. Шұбар атты таңдап мініп, мың баланы жалғыз өзі жеңеді. Қорыққаннан Жанбай таздың жүрегі жарылып өледі. Қарахан Әліби арқылы шұбар атты сұратады. Шора батыр тұлпарын бермейді. Қырық жігіт пен Әлібидің басын кесіп, Шора мақсатына жетеді.