∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қобланды

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қобланды
3. Авторы (Айтушы)
Ережеп жырау Тілеумағамбетұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қабыл Мақсетов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1960 жылы бұл нұсқаны Қ. Мақсетов ҚарақалпақАССР-на қарасты Қоңырат ауданында тұратын Ережеп жыраудың айтуынан жазып алып, машинкаға бастырған бір данасын 1963 жылы ҚазССР ҒАнның Әдебиет және өнер институтына жіберген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
482
8. Бет, жол саны, өлшемі
92; 29; 22,5X30,4; 6,5X25,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бұл нұсқаны Қ. Мақсетов Ережеп жыраудың айтуынан 1960 жылы жазып алып, машинкаға бастырған бір данасын 1963 жылы Әдебиет және өнер институтына жіберген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Қалың қыпшақ елінің қариясы Қыдырбай түс көреді, оны кемпірі жақсылыққа жориды, екі бала туып, ұлының атын Қобланды, қызының атын Хансұлу қояды. Қыдырбай ауыл-аймағын жинап, үлкен той жасайды. 9 жасқа келгенде, көрші елдегі айғай-шуды естіп, жорыққа аттанады. Кербиенің құлындауы, құлдардың Қобландыға берген кеңесі, Құртқаның тұлпарды баптап күткені, тұлпардың аспанға ұшып, Құртқаның шақыруымен қайта оралғаны, Сәтемір ханның қырық жігітті азғыруы туралы көптеген қызықты әңгіме шертіледі. Қобланды ноғайлыдан қырық жігітті ертіп шығып, жорыққа аттанады. Жиырма жігітті өлтіріп, жиырмасын жаралап, Сәтемір ханның алдынан әдейі айдап өтеді. Қобланды Қараманмен кездесіп, оны жеңеді, қалмақ ханы Қозғалмасты шабады. Бұл кезде Сәтемір хан Алшағырды азғырып, Қобландыға қарсы қояды. Алшағыр Қобландының әкесі Қыдырбайды өлтіріп, ауылын шауып кетеді. Мұны естіген Қобланды Сәтемір мен Алшағыр ханға қарсы аттанып, ел-жұртын азат етіп, мұратына жетеді.
13. Басы:
Бұрынғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда
14. Соңы:
Балшықтан тамды салады, Қайтадан қала болады. Осыменен аяғы Тамат тамам болады.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба 1963 жылы ҚҚАОСР-ның астанасы Нүкіс қаласында көшіріліп жіберілген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш