∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Нәркөз сұлудың суреті.
Қолжазбаның жанры
Ертегі.
Қысқаша мазмұны
Мысыр шаһарының патшасы Мырза Ақдек орта жасқа келгенде Нәркөз атты жалғыз қыз көруі, Нәркөздің асқан сұлу, ақылды болып өсуі. 18 жасқа келгенде панасыз жетім Әбутәліп атты жігітке ғашық болып қалуға дөп еткен жерінде адасып, қарақшылар қолында қалуы, олардан құтылып еркек киімімен Құдұс шаһарына сапар шегіп, Құдұс шаһарында патша болуы, асқан суретшіні шақыртып, суретке түсіп қарақшылар арқылы Мысыр шаһарына таратып Әбутәліпті іздеуі, Әбутәліптің табылып Нәркөз патша алдында келтірілуі. Нәркөздің Құдұс халқы алдында өз жағдайларын айтып, қайта қыз қалпына келуі, орнына сүйген жары Әбутәліпті отырғызып мұратына жеткендігі баян етіледі. Ертегі бір-біріне ұласып өте қызықты айтылады.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Мұңсыз хан
Қолжазбаның жанры
Ертегі.
Қысқаша мазмұны
Бір кедей шалдың жалғыз қызы ханның жұмбақтарын шешіп, өз әкесін және осы жұмбақтарды шеше алмай ханның қаһарына ұшыраған талай адамдарды құтқарып кеткені жайлы.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Минуар, Бибәтима.
Қолжазбаның жанры
Ертегі.
Қысқаша мазмұны
Ертеде бір патшаның кенже ұлы түс көріп, оны басқа бір патшаға сатады. Түс сатып алған патша көптеген қиыншылықтарды басынан өткізіп, ақырында түсте көргендері өңінде орындалып, екі патшаның қызын алып, бар мұратына жетеді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Марзун сұлу, Ақагүл сұлу, Беренгүл сұлу хикаясы
Қолжазбаның жанры
Ертегі.
Қысқаша мазмұны
Ертегінің көлемі 47 бет. Қауар заман шаһарының 16 жастағы патшасы Акрам Мәліктің туған күніне жасаған салтанатты тойы, тойға әкелген ғажайып сыйлықтар, олардың ішінде сағатшы Алқаптың қызы Марзун сұлудың он екі басты алтын сағат сыйлық әкелуі, жас патша Акрам Мәліктің бұл сыйлыққа таң қалып, Марзун сұлуға ғашық болуы, Акрам Мәлік пен Марзун сұлудың тойы, тойға әкелінген сыйлықтар, ойын-сауық тамашалар. Берілген бәйге – сыйлықтар. Күндердің күнінде бұларды Қатран атты ұл көріп, оны өсіріп тәрбиелейді. Жігіт болған кезінде Басра шаһарының патшасы Ғалисап Ариинның жалғыз қызы Ақагүл сұлуды алып беруі, төңіректегі патшаларды тойға шақыруы, қалың мал, тойға арналған соғыс, тігілген бәйге-сыйлықтар, балуан күресінде Қауар Заман шаһарынан Беренгүл сұлу деген қыз ердің киімін киіп жігіт болып күреске түсіп, он сегіз балуанды жығып бас бәйге алуы. Арон Рашит патшаның отыз жастағы уәзірі Мағмурдың бұл балуан қызға ғашық болуы. Екі патша құда болып Беренгүл сұлуды (балуанды) Мағмур уәзірге алып беруі, бұлардың той салтанаты (төрт қыздың жалаңаш келіп қалың халық ортасында төрт шарды тістерімен шешіп алып, бас бәйге алуы). Қызға арналған ғажайып жасаулар, Беренгүл сұлуды ұзату салтанаты ұзақ хикая етіледі.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Мармар сұлудың асыл айнасы.
Қолжазбаның жанры
Ертегі.
Қысқаша мазмұны
Балық патшасы Суардың бір ұлға зар болуы, күндердің күнінде оның кіші әйелі жүкті болып бір ұл тауып, атын Мансұр зар қойып отыз күн ойын-қырық күн тойын өткізіп қызыққа батуы, патшаның оң қол уәзірі Шахизаттың Мансұр зады патшалардан сұрап алып, жеке бағып-тәрбиелеуі, Шахизат уәзірдің бұл баланы көтеріп алып жүріп ділдә ақша үлестіріп, бүкіл шаһар халқынан бақыр-мүсін, жетім-жесірлерден бата сұрауы. Мансұр задының ел данада тәрбиеленіп, 18 жасқа келгенде аралдан сарай салдыруы. Теңіздің арғы бетіндегі – Кеңған шаһарының патшасы Әбдісеттің қызы Мармар сұлуға ғашық болып, көп қиыншылық жапа шегуі. Мансұр зады Мармар сұлуға жолығып, қолға түсуі, барлық жапа-қиыншылықтардан құтылып, екі ғашықтың қосылуы. Шахизат уәзірдің бұларды алып Балық патшасы Суарға қайта оралуы. Суар патшаның шарттартағы алты патшалық елді шақырып тойын жасауы, барлығы мұраттарына жетіп, алты дәуір өткізгендігі айтылады. Ертегі бір уақиғадан бір уақиғаға ұласып қызықты баяндалады.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Мақпал сұлудың хикаясы
Қолжазбаның жанры
Ертегі.
Қысқаша мазмұны
Исмен шаһарының патшасы Қайдар әділдігімен елге сүйікті болады. Үйленерде сұлу, ақылды әрі өзіне екі ұл, бір қыз сыйлайтын қызды алуға шарт қояды. Уәзірлері кедей отбасындағы ақылды Мақпал қызды тауып, патша оған үйленеді. Мақпал екі егіз ұл – Қамит пен Уәлиәтті, кейін Сымбат атты қызды дүниеге әкеледі. Қартайған шағында Қайдар патша патшалығын екіге бөліп, ұлдарын билеуші етеді. Жылдар өткен соң Уәлиәт әйелінің опасыздығын көріп, оны өлтіреді. Кейін ағасы Қамит те әйелінің адалдығынан күмәнданады. Содан екі ағайынды әйел атаулыға сенбей, күн сайын бір қызға үйленіп, келесі күні өлтіріп отыруға серт береді. Кезек бас уәзірдің ақылды қызы Көріпкелге келгенде, ол патшаға бірінен соң бірі жалғасқан 41 ертегі айтып, уақыт ұтады. Осы аралықта патшадан ұл табады. Көріпкелдің ақылдылығы мен адалдығын көрген Қамит патша әйелдердің бәрі бірдей емес екенін түсініп, оны өлтірмей, мәңгілік жары етеді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Мамай батырдың арманы.
Қолжазбаның жанры
Ертегі.
Қысқаша мазмұны
Бұл ертегіде жас кезінде батырлығымен елге танылған Мамай батырдың екі арманы туралы әңгіме болады. Мамай батыр жас кезінде өзі жіберген екі үлкен қателікке өмір бойы өкініш жейді.
Реестрдің идентификаторы
Қолжазбаның атауы
Қырық сұлу хикаясының басталуы.
Қолжазбаның жанры
Ертегі.
Қысқаша мазмұны
Ағзам шаһарының Қасым Жомартқа дейінгі патшасы Әуез Ханның бір күні ойға шомып отырып, әкесінің “Балам өз өміріңде екі атақтың – жақсы – жаман атақтың біріне ие бол” деген өсиетін есіне алып, атағын немен шығарауды ойлайды. Өзіне қарасты уәзір, әкімдерін жинап, әлемге өз даңқын қырық сұлу алу арқылы шығармақ болады. Әр уәзірге бір сұлу табуға әмір етті. Қырық сұлудың уәзір болып, патшаның қайта нысапқа келіп 39 сұлуды басқалардың алуына рұқсат етіп, өзінің қырық сұлудан Дүрия сұлуды таңдап алуы, Дүрия сұлудың көркі мен ақылы, Дүрия сұлуға жасаған той, төңіректен келген патшалар, оларға берілген керемет сыйлықтар – той салтанаты, сый-сияпаттар баян етіледі. Сондай-ақ атақты “Қырық сұлу” хикаясының шығу себебі осы ертектен басталғандығы айтылады. Жинаушы Сәрсенбек Түсіпұлы ертегіні Стамбул баспасынан шыққан – “Қырық сұлу” хикаясын 1914 жылы оқып, жадында сақтап, кейін қазақша ертегі етіп қағазға түсірген.