∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ақсүйек

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ақсүйек
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Байменова Рахия Оразқызы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990-1991 жылдары Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенттерінің халық ауыз әдебиетінен жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1156
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.16; П.1; Ж.9; 30х21; 19х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Фольклор
12. Қысқаша мазмұны
Бұл ұлттық ойынды қыздар мен жігіттер жиналып, жаздың жарық түндерінде ойнайды. Ойынға малдың қураған жілігі таңдалатын болған. Ертеректе «ақсүйек» ойынын той-томалақ жасаған үй иелері ұйымдастырған. Ойын жылдамдыққа, ұйымшылдыққа баулиды.
13. Басы:
Кешке, айлы түндерде ойналады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, межелі жерде (ағаштың, үлкен тастың, кішкене төбешіктің қасында) қатарласып тұрады.
14. Соңы:
Айыпкер ән, не болмаса би билеп береді.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке қарасөз үлгісімен орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова