∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Соқыр теке

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Соқыр теке
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жұмабекова Б., Әбілдина М.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары. Сол кездегі Қарқаралы ауданы Бесоба совхозында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1086 (А)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.5; П.2; Ж.48; 28х20; 17х25
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
А4 көлемдегі қағазға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Фольклор
12. Қысқаша мазмұны
Ойынның тәртібінде аздаған айырмашылық бар. Ойынның бұл нұсқасы ойыншыларға «айып» төлету арқылы оларды өнерге баулиды. Сондай-ақ, «соқыр теке» ойынын ойнау барысында балалар көпшіл болуға, алғырлыққа, шыдамдылыққа тәрбиеленеді.
13. Басы:
Тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа, ептілікке тәрбиелейтін халық ойыны. Бұл ойында балалар мен жастар ойнайды.
14. Соңы:
Ойынға қатысушылар ойын басталғанша өз жолдастарының, құобы-құрдастарының ерекше белгілерін, киімнің өзгешелегін есінде сақтап қалуға тырысады. Бұл кейінірек. «Соқыр теке» бола қалса, өзі ұстаған адамды дәл танып, дұрыс табуы үшін керек болады.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке қарасөз үлгісімен орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова