∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тұсау кесу жыры

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тұсау кесу жыры
3. Авторы (Айтушы)
Қоқажанова Рымкеш Кәшкенқызы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мұхамеджанов Д., Әбілқасов Ғ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары. Қорға 1991 жылы Б.Рахымов тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
930
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.31; 28х20; 17х20,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Балалар фольклоры
12. Қысқаша мазмұны
Көркем жазылған қазақтың тұсау кесу жырларының бірі. Әжесі ала жіпті иіріп бастағанын, «ешкімнің ала жібін аттамасын» деп ырым еткенін айтады. Елім, жерім деп туған үлкен азамат болсын деген жақсы тілектерді жырға арқау еткен.Балалар фольклоры
13. Басы:
Қара тоқты шалып кел, Қара түбіт алып кел.
14. Соңы:
Үлкен-үлкен жолдарда Үлкен оймен көп жүрсін!
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова