∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Соқыр теке
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Соқыр теке
3. Авторы (Айтушы)
Ержанұлы Ә.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жұмабекова Б., Әбділдина М.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
924
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.46; 28х20; 17х20,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Фольклор
12. Қысқаша мазмұны
Соқыр теке – ертеден келе жатқан, кең таралған қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Оны көбінесе жаздыгүні кешқұрым немесе шайдай ашық, сүттей жарық айлы түнде, ашық аспан астында ойнайды. Мәтінде ойынның тәртібі туралы баяндалады.
13. Басы:
Тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа, етпілікке тәрбиелейтін халық ойыны.
14. Соңы:
Бұл кейінірек «Соқыр теке» бола қалса, өзі ұстаған адамды дәл танып, дұрыс табуы үшін керек болады.