Бұл ұлттық ойын ересек жастардың ойыны болып саналады. Ертеректе бірін-бірі ұнатқан қыз бен жігіттің кездесіп, сөз байласуына «ақсүйек» ойыны дәнекер болған. «Ақсүйек» ойнау үшін айдың сүттей жарық түндері таңдалады. Ойын шарты бойынша жеңілген топ ән айтып, күй шертіп, әзіл-қалжың айтысатын, өнер көрсететін де дәстүр болған. Сондықтан бұл ойын қараңғылықта жол табуды үйретумен бірге әрі спорт әрі өнерді шыңдауға баулиды.