∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мырыш ойыны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мырыш ойыны
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Оспанова А.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары. Сол кездегі Қарқаралы ауданы Бесоба совхозында жазылып алынған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1086 (А)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.1; Ж.27; 28х20; 17х20,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
А4 көлемдегі қағазға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Фольклор
12. Қысқаша мазмұны
Бұл ойын да қазақтың салт-дәстүр, дүниетаным тіршілігіне негізделген. Қозғалмалы ойындар тобына жатады. Жастардың мінез-құлық нормаларының қалыптасуына, қоғамдық өмірге араласуыларына бағыт сілтейтін ұлттық ойын болып табылады.
13. Басы:
Киіз үй толы қыз-жігіттер. Дөңгелене отырған балалардан өздері ойын басқарушы сайлайды, ол адам «хан» деп аталады. Хан өзіне екі уәзір сайлап алады. Уәзірлер хан бұйрығын сөзсіз орындауға тиіс.
14. Соңы:
Бірінші, екінші, үшінші ретте таба алмаса, ең жаманы есек болып ақыр, көкек болып шақыр тағы басқа өлең айту, күй тарту, би билеу – бұл бірінші, екінші рет таба алмағандар үшін жаза, кейде дүре де соғады. Бұл адамды сезімталдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейтін ойын.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке қарасөз үлгісімен орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова