∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Мұңлық-Зарлық дастаны
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Баяғы заманда он сан Ноғай елінде Шаншар атты хан өмір сүреді. Ол дәулетті, елге беделді адам болғанымен, қартайғанша перзент көрмейді. Қырық әйел алса да, ешқайсысынан бала сүймейді. Бір күні осыған қатты қиналған хан елге жар салып, өзіне ұл мен қыз туып беретін әйелді іздейді. Сол кезде ел ішінде кедей өмір сүріп жүрген Жәудір деген қарт балықшының Ханшайым атты қызы болады. Шаншар хан Ханшайымға үйленеді. Көп ұзамай Ханшайымның бір ұл, бір қызы дүниеге келеді. Ұлының аты — Зарлық, қызының аты — Мұңлық. Алайда ханның бұрынғы әйелдері Ханшайымды қызғанып, оның балаларымен бірге бақытты өмір сүруіне қарсы болады. Олар ханға түрлі сөз айтып, Ханшайымды жамандайды. Ақыры қызғанышқа берілген әйелдер ханның сеніміне кіріп, Ханшайымнан құтылудың амалын табады. Ханшайымның екі баласын жаулары Шөгірлі тауына апарып тастайды. Ал Ханшайымды екі баласынан айырып, дариядағы адам аяғы баспайтын аралға апарып тастайды. Осылайша ана мен бала бір-бірінен ажырайды. Зарлық пен Мұңлық тауда жалғыз қалады. Екеуі бір-біріне сүйеніп өседі. Уақыт өте келе Зарлық ер жетіп, батыр болып қалыптасады. Ол туған жерін, әкесін, анасын іздеуге бел буады. Зарлықтың көмегімен Ханшайым отырған арал табылады. Ол аралдан анасы Ханшайымды алып шығады. Осылайша ұзақ жылдар бойы бір-бірінен айырылған ана мен баланың қауышуы жүзеге асады. Кейін Мұңлық та әкесі мен анасына қосылады. Осылайша отбасы қайта бірігеді. Хан өзінің бұрынғы қателіктерін түсінеді. Зарлықтың ерлігі мен ақылдылығына риза болған Шаншар хан оған ел басқаруды тапсырады.
Қолжазбаның атауы
Маңыбай
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Маңыбайдың моңғол-қырғыз манабы Шабжидың қызы Шарбікке үйленгені туралы жырланады.
Қолжазбаның атауы
قوزى كورپەش – بايان قىز / Қозы Көрпеш – Баян қыз
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қарабай мен Сарыбайдың өз жерінен кетуіне туыстарының баласыздығын бетіне басуы себеп болады. Сарыбай өлерінде Қарабайға балаларды қосуды тапсырады. Айбас Баяннан алып келген сәлемдемесін Тайлақ биге жіберіп, бата сұрайды. Қозы Көрпеш Қарабайдың еліне барып қойшыны жүз елу қой беріп өз еліне қайтарады. Қыздар Қозының күндегі қойшы қылығы емес екенін сезіп, қой ішіне қозы терісін жамылған қызды жібереді. Қарабай, Қодарлар Сасан бидің асына кеткенде Қозы мен Баян құрбыларын жинап той жасайды. Көсемсары Шоқтерекке келіп Қозымен достасады, бұны Баянға өш бір әйел Қодарға хабарлайды. Қарабай өлген соң, Қозы Қарабай аулының рубасы болып сайланады. Қожан саудагермен кездесіп, сол арқылы ұлы Күлепті Балталыдағы шешесіне жібереді. Күлеп үйленіп Балталының ханы болады. Қожан мен Айбас Аягөзге келіп, Ай мен Таңсыққа үйленеді. Сол елге Айбас би, Қожан молда болады. Қозы отыз бес жасында өз ажалынан өледі. Қозыға мазар салдырып, Баян жоқтап зиратқа кіріп тас болып қалады.
Қолжазбаның атауы
Қозы Көрпеш / Козу Корпеч
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Он сан Ормамбет елінде Қарахан мен Сарыхан деген байлар аңға бірге шығады. Сарыхан буаз маралды атып түсіреді. Маралдың екі қодығы жетім қалады. Қарабай шөлді жерлермен қаша жүріп Қодарға кездесіп су тауып берсе, Баянды беруге келіседі. Қарабайдың көші Көкшетауға барады. Одан Аягөзге келгенде қалмақтың Манап деген ханы Қарабайды ерулікке шақырады. Айбас Баянға Қозының жайын айтады. Баян Қозыға алтын сақина, домбыра беріп жібереді. Айбас Ысты, Тілеуке деген жігіттерді ертіп, жолға шығады. Жоғалтқан нәрселердің атымен жер аттары аталады. Қозы аяғына темір етік, қолына темір таяқ ұстап, жылқыдан қырық бие алып, халқын жиып, Баянға баратынын айтады. Бір малшы әкесінен қалған аспанға ұшатын Ақбуыршын мен Көкбуыршын деген аттар жеті айшылық жердегі Мұзтауында тұратынын айтады. Қозы аттарды тауып алып, шешесімен қоштасып Баянды іздеуге аттанады. Жолда кіндік шешесі Баянның хабарын айтады. Киімін тастап, атының бір тал қылын алып, тазша болып, Баянның еліне келеді. Қозы Қарабайдың қойын бағып жүргенде оның айдарын көріп таниды. Қозы мен Баянның сырын сезген Қодар жұртқа таратады. Ел жақсылары Қозыға арақ-шарап ұсынады. Қозы қашып құтылып, Шоқтеректің түбіне барады. Бір ақ сәлделі адам келіп, ата-баба аруағы екенін айтады. Қозы аңға кеткенде Қодар ұйықтап жатқан аруақтың басын кесіп алып Баянға береді. Жұрт Зайсанның жағасына көшеді. Баян Қодарды өлтіріп Шоқтерекке келіп, Қозыны көреді. Қозыны іздеп шыққан Айбас, Ай, Таңсық жолда боранда өледі. Тайлақ би мен Жаңыл қолмен Қозыны іздеп шығады. Тайлақ би Зайсанға барып Қарабайды қайтарады. Аягөздегі бейіт Айбастың бейіті. Тайлақ би Мұзтауға қайтады.
Қолжазбаның атауы
Қарабай туралы әңгіме / Повесть о Карабае
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қарабайдың елі Қызылбас, Сарыбайдың елі турікпен. Содан кейінгі мазмұны Шөже нұсқасындай болып келеді де: Қарабайдың Ай, Тансық деген асыранды екі қызынын жермен қоштасқанынан Қарабайдың көші Қырғыз Алатауын, Торғайлы деген жерлерді аралап көшкенін байқаймыз. Жол-жөнекей Қодар мырза кездеседі. Қодардың елінде тоқсан мың халқы бар бай екені, қыз үшін өзін сатып «құл» аталғаны айтылады. Қозыны Қодар отарға тамақ пісіруге алып кетеді, Қозы Қодарды да, тоқсан серіні де алысқанда жеңіп отырады. Алты айдан кейін жылқышылар ауылға қайтады. Баян үшін Қозы мен Қодар таласады, сайыста еңгезердей Қодарды Қозы лақтай лақтырады, ызаға шыдай алмаған Қодар Тайлақ биге барып арыз айтады. Тайлақ би: «Су үшін қыз сұрағаның жарамайды, ақыңды ал да жайыңа жүр», — дейді. Сөйтіп Қарабай судың орнына Қодарға арақ-шарап береді. Қодар енді қулық ойлап арақты Қозыға беріп мас етіп, кегін алмақшы болады. Баянның айласымен Қозы Қодардан құтылып, Көктеректің түбіне барып жатады. Бәйбіше Қозыны алдырады. «Сегіз жеті» той қылып кеп жасаумен Баянды ұзатады. Қозы Баянды алып, еліне келеді. Қозы мен Баян шешесімен көріседі, халқымен қосылып үлкен той жасайды. Бұдан кейін Қозы елі-жұртына жақсы қоныс іздеп Алатауға көшеді. Баяннан Сайтүлек деген ұл туады. Ұлы ержеткеннен кейін Қозы мен Сайтүлек Қарабайдың елін іздейді. Қарабай жиені мен күйеуінің келгенін біліп, бәйбішесімен бірге алдынан шығады. Қозы мен Сайтүлек бір ай қонақ болып қайтады. Бірнеше уақыт өткеннен кейін, Қарабай тоқсан құлы тыңдамайтынын айтып Қозыға хат жазады. Қозы Аягөзге көшеді. Екі араз ел қосылып, татуласады. Құлдар Баянға келіп, Қодардың қастық ойлал жүргенін айтады. Сайтүлек Қодарды өлтіреді. Қарабай мен бәйбіше ажалы жетіп өледі. Қозы мен Баян біраз қызық көріп, дүниеден өтеді. Ел болып, Қызылқиядан тас тасып, Аягөзде Қозы мен Баянға бейіт соқтырады. Бұл екеуінің бейітінің арасында бір тікенек өседі. Ел аңызында оны Қодар деп болжайды.
Қолжазбаның атауы
Қозы Көрпеш өлеңі
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Бұл жырда Қарабайдың елі Қызылбас, Сарыбайдың елі турікпен. Содан кейінгі мазмұны Шөже нұсқасындай болып келеді де: Қарабайдың Ай, Тансық деген асыранды екі қызынын жермен қоштасқанынан Қарабайдың көші Қырғыз Алатауын, Торғайлы деген жерлерді аралап көшкенін байқаймыз. Жол-жөнекей Қодар мырза кездеседі. Қодардың елінде тоқсан мың халқы бар бай екені, қыз үшін өзін сатып «құл» аталғаны айтылады. Қозыны Қодар отарға тамақ пісіруге алып кетеді, Қозы Қодарды да, тоқсан серіні де алысқанда жеңіп отырады. Алты айдан кейін жылқышылар ауылға қайтады. Баян үшін Қозы мен Қодар таласады, сайыста еңгезердей Қодарды Қозы лақтай лақтырады, ызаға шыдай алмаған Қодар Тайлақ биге барып арыз айтады. Тайлақ би: «Су үшін қыз сұрағаның жарамайды, ақыңды ал да жайыңа жүр», — дейді. Сөйтіп Қарабай судың орнына Қодарға арақ-шарап береді. Қодар енді қулық ойлап арақты Қозыға беріп мас етіп, кегін алмақшы болады. Баянның айласымен Қозы Қодардан құтылып, Көктеректің түбіне барып жатады. Бәйбіше Қозыны алдырады. «Сегіз жеті» той қылып кеп жасаумен Баянды ұзатады. Қозы Баянды алып, еліне келеді. Қозы мен Баян шешесімен көріседі, халқымен қосылып үлкен той жасайды. Бұдан кейін Қозы елі-жұртына жақсы қоныс іздеп Алатауға көшеді. Баяннан Сайтүлек деген ұл туады. Ұлы ержеткеннен кейін Қозы мен Сайтүлек Қарабайдың елін іздейді. Қарабай жиені мен күйеуінің келгенін біліп, бәйбішесімен бірге алдынан шығады. Қозы мен Сайтүлек бір ай қонақ болып қайтады. Бірнеше уақыт өткеннен кейін, Қарабай тоқсан құлы тыңдамайтынын айтып Қозыға хат жазады. Қозы Аягөзге көшеді. Екі араз ел қосылып, татуласады. Құлдар Баянға келіп, Қодардың қастық ойлал жүргенін айтады. Сайтүлек Қодарды өлтіреді. Қарабай мен бәйбіше ажалы жетіп өледі. Қозы мен Баян біраз қызық көріп, дүниеден өтеді. Ел болып, Қызылқиядан тас тасып, Аягөзде Қозы мен Баянға бейіт соқтырады. Бұл екеуінің бейітінің арасында бір тікенек өседі. Ел аңызында оны Қодар деп болжайды.
Қолжазбаның атауы
Қырғыз тіліндегі Қозы Көрпеш өлеңі
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қарабайдың аңға шыққаны Шөже нұсқасындағыдай баяндалады. Бірақ сөзі, сөйлемдері өзгеше болып келеді. Айырмасы Қозы елінен шығып, бір жерде қонып жатып түс көреді. Түсінде әкесі: «Балам, Сарыбай қызын бермес, кері қайт», — дейді. Әкесі батасын бермесе де, Қозы сұраған соң, Баянның жолын сілтеп, «Аягөзге 14 күнде жетерсің, жол баққан кемпірге кезігерсің, содан жөн сұра»,— дейді. Қозы біраз жүргеннен кейін, кемпірге кездеседі. Қозы кемпірден Баянның жайын тұспалдап сұрайды. Кемпір Баянға барудың жөнін айтады. Қозының Шоқтерекке келгенін бір бала көріп, Баянның жеңгесіне хабарлайды. Баян жеңгесінің айтуымен торғайын жіберіп, Қозының Шоқтеректін түбінде екенін біліп, Қозыны алдырады. Бұдан кейін Қодар Қозыны Шоқтеректен тауып алып, садақпен атып өлтіреді. Басын кесіп, Сарыбайға әкеледі. Баян кұр басты құшақтап үш күн жатады. Баян Қозыны арулап қоюға Шоқтерекке келеді. Қодардың беліне арқан байлап, құдықтан тоғыз мес су алдырады. Арқанды мықтап бір терекке байлап, Қодардың ернін кесіп, көзіне пышақ шанышады. Баян Қозыға үш күндік емір тілейді. Тілегі қабыл болып, екеуі үш күн өмір сүріп өледі. Аягөздегі зиратта «Боз торғайы басында шырылдауда» деп жар аяқталады.
Қолжазбаның атауы
Два образца устной народной поэзии Козу Курпеш – Баян сулу / Халық поэзиясының екі үлгісі Қозы Көрпеш – Баян сұлу
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қолжазба 23 шумақ өлеңнен тұрады. И. Березинніц «Турецкая хрестоматиясының» 162-168-беттерінде «Козу Корпечь и Баянь» (по другому списку) деген атпен жарияланған нұсқасынан алған. Мазмұны Шөже нұсқасына ұқсас.