∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«МАУСЫМДЫҚ ФОЛЬКЛОР » айдарының архиві

Қолжазбаның атауы
Наурыз тойы
Қолжазбаның жанры
Маусымдық салт-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Айтушы өз көзімен көрген наурыз тойының маңызын, мәнін ашуға тырысады. Қыз бен жігіт айтысынан мысал келтіреді. 1926 жылдан бастап Наурыз тойының тойланбағанын айтып, сол жылдардағы тарихи оқиғаларға тоқталады.
Қолжазбаның атауы
Наурыз тойы
Қолжазбаның жанры
Маусымдық салт-дәстүр
Қысқаша мазмұны
Наурыз жырының бұл мәтіні балаларға арналған. Көктемнің, наурыздың келгеніне масайраған балалардың қуанышы, олардың сол жақсы хабарды «алақайлап» жеткізуі айтылады. Өлең аралас буынға құрылған.
Қолжазбаның атауы
Жарамазан
Қолжазбаның жанры
Жарапазан.
Қысқаша мазмұны
«Жарамазанның» бұл қысқа нұсқасы жоғарыдағы мәтіндердің айтыла-айтыла әбден ел құлағында жатталып қалған шумақтарынан құралған. Үш-төрт тармақты өлең жолдарынан тұрады. Он бір буынды қара өлең ұйқасымен айтылады.
Қолжазбаның атауы
Жарамазан
Қолжазбаның жанры
Жарапазан.
Қысқаша мазмұны
Бұл мәтін төрт, бес және екі тармақты өлең жолдарынан құрылған. Мазмұндық, көркемдік жағынан басқа мәтіндерден айтарлықтай айырмашылық жоқ. Он бір-он екі буынды өлең үлгісінде айтылады.
Қолжазбаның атауы
Жарамазан
Қолжазбаның жанры
Жарапазан.
Қысқаша мазмұны
Мәтінде мұсылманның бес парызының бірі – ораза ерекше дәріптеледі. Алайда өзге мәтіндерге қарағанда өлең ұйқасы, көркемдігі жағынан солғындау. Өлең жолдары жиі қайталанады. Он бір-он екі буынды өлең түрінде айтылады.
Қолжазбаның атауы
Жарамазан
Қолжазбаның жанры
Жарапазан.
Қысқаша мазмұны
Мәтін тұтастай бата-тілек айтуға құрылған. Ішінара шариғатқа ұйытып, ізгілікке шақыру да қамтылады. Өлең құрылысы төрт, алты, жеті, сегіз тармақтан тұрады. Аралас буынды, өлең түрінде айтылады.