∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Наурыз тойы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Наурыз тойы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жантасова Салиха.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1997 жылы Түркістан қаласында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/117
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.17 28х22; 24х12
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Маусымдық салт-дәстүр
12. Қысқаша мазмұны
Наурыз жырының бұл мәтіні балаларға арналған. Көктемнің, наурыздың келгеніне масайраған балалардың қуанышы, олардың сол жақсы хабарды «алақайлап» жеткізуі айтылады. Өлең аралас буынға құрылған.
13. Басы:
Кел, балалар, ойнайық, Наурыз тойын тойлайық.
14. Соңы:
Жалаң аяқ, жалаң бас, «Жау жаңбыр» деп жаудырдым.
15. Қосымша мәлімет
Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова