∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жарамазан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жарамазан
3. Авторы (Айтушы)
Баймағанбетов Сейдулла. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жазып алушы: Моншақ Айтжанова. Ол туралы мәлімет кездеспеді. Жинаушы, тапсырушы: Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1980 жылы Әмудария жағалауындағы елдімекендерге жасалған фольклорлық экспедиция кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.920/10 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1;П.1; Ж.15; 28х18; 22х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Қолжазбаның ақауы жоқ. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жарапазан.
12. Қысқаша мазмұны
«Жарамазанның» бұл қысқа нұсқасы жоғарыдағы мәтіндердің айтыла-айтыла әбден ел құлағында жатталып қалған шумақтарынан құралған. Үш-төрт тармақты өлең жолдарынан тұрады. Он бір буынды қара өлең ұйқасымен айтылады.
13. Басы:
Айтамын жарамазан жар басына, Кірендер қауын артар арбасына.
14. Соңы:
Қой берсең, қозы берсең жарасады, Апарып ауызашарға соямыз ба?
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов.