Жинаушысы: Оразбайқызы Қалқа. Ол туралы мәлімет кездеспеді. Тапсырушы: Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.