∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Жарамазан
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Жарамазан
3. Авторы (Айтушы)
Рыскелдиева Б. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Садығалиева Сағила. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жыл, Қарағанды экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.937 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1; П.1; Ж.30; 32х20; 28х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Қолжазбаның ақауы жоқ. Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Жарапазан.
12. Қысқаша мазмұны
Мәтін тұтастай бата-тілек айтуға құрылған. Ішінара шариғатқа ұйытып, ізгілікке шақыру да қамтылады. Өлең құрылысы төрт, алты, жеті, сегіз тармақтан тұрады. Аралас буынды, өлең түрінде айтылады.