Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Тойбастау
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Бұл мәтін тойдың басталуына орай құттықтаумен басталып, бата беру, тілек айтумен аяқталады. Шумақтарға бөлінбей, ұзын сонар жыр үлгісінде келеді. Он бір буынды қара өлең ұйқасымен айтылады.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Өлең мазмұны ұясынан ұшқалы отырған қызды Тәңірдің бұйрығына көндіру, жұбатуға құрылған. Қыздың аяулы, ерке қылығы мен ауыл-аймақтағы жақсы аты да жырға арқау болған. Көп тармақты, он бір буынды қара өлең үлгісінде айтылады.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Мәтін жыраулық толғау үлгісінде басталып, он бір буынды қара өлең түрінде жалғасады. Ақ бата берумен аяқталады. Аралас буынды жыр үлгісінде, қара өлең түрінде келеді.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
Тойбастар.
Қысқаша мазмұны
Бұрын-соңды жарияланбаған бұл мәтінде той иесі қызды мақтау, қазақы тойдың салтын дәріптеу сияқты ізгі ойлар айтылады. Өлеңнің құрылысы төрт тармақты, бес тармақты, алты және көп тармақты болып келеді. Он бір – он екі буынды өлең үлгісінде айтылады.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
Тойбастар.
Қысқаша мазмұны
Өлең мәтінінде сыңсуға ұқсас қоштасу сарыны басым. Сондай-ақ, жырдың мазмұнында ұзатылғалы отырған қызды жұбату, игі тілек айту дәстүрі де қамтылған. Өлеңнің құрылысы аралас буынға құрылған.