Қайнарбаев Әлқуат (1898-1979) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан. Ұзақ жылдар партия-совет орындарында қызмет істеген. Ол 1934 ж. бастап Қазақ ССР Ғылым академиясына көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін – Сыр бойынан шыққан Оңғар, Базар жырау, Ерімбет, Кете Жүсіп шығармаларын жинап тапсырған жинаушылардың бірі. Оның жазғандарының бірсыпырасы «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» және «ХХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармалары» деген жинақтарда жарияланды. Сондай-ақ айтыс томдарында жинаған айтыстары енді