∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тойбастар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тойбастар
3. Авторы (Айтушы)
Санжар Тайжанұлы
4. Жинаушы, тапсырушы:
Рахманова, Әділханова
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1991 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Қырғыз совхозында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
921
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 20. 29х19; 25х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
тойбастар
12. Қысқаша мазмұны
Өлеңнің мазмұны тойға құтты болсын айтып, құттықтаумен басталып, ізгі тілек арнаумен аяқталады. Ырғағы мен бунағы қалыпқа түскен, көркемдігі жоғары, шымыр ұйқасқа құрылған. Он бір буынды қара өлең үлгісінде айтылады.
13. Басы:
Бағлан серке марқасқа қой бастайды
14. Соңы:
Той қылдың жұрт жиналған мерекелі
15. Қосымша мәлімет
Мәтін әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова