«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР» айдарының архиві
Қолжазбаның атауы
Сырлы балық
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Шексіз мұхитта бір балықшы шал болыпты. Бір күндерде оның ауына бір шойын құмған түседі. Қақпағын ашып қараса ішінен ат жалын болып аспанға көтеріліп, жерге бір үлкен дәу түседі. Дәуді ақылдылығымен алдаған шал, мұратына жетіпті.
Қолжазбаның атауы
Сымбат сұлудың қазынасы
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Шам шаһарының Хасен Әли деген патшасы кезінде бір Дәуіт атты жігіт Ағзам шаһарының патшасы Қасым Жомарттың байлық, жомарттық даңқын естіп, онымен дидарласу үшін ұзақ сапар шегеді. Он жыл жүріп, көп қиындық көріп, Сымбат сұлуға үйленеді.
Қолжазбаның атауы
Сүлеймен мен диқаншы
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Өзінің адал еңбегі арқыды Сүлеймен пайғамдарды өзіне тәнті еткен диқаншы туралы.
Қолжазбаның атауы
Сәруар сұлудың сырқаты
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Басра қаласының патшасы Мәлік Қасеннің жалғыз қызы Саруар сұлудың жазылмас ауруға душар болып, ем таба алмай жан-жақтан хабарлап, Қақааб молданы табуы, оның кітап ашып айтуы бойынша бүкіл патша халқын жалаңаштап патша алдынан өткізуі, Даниял ұлы Жамсатты табуы, Жамсаттың асқан ғалымдығымен Саруар сұлуды жазып, оны өзінің әйелдікке алуы, одан Мазраб атты бала көріп, оның асқан балуан болуы, Сақда даласында серуендеп жүрген сапарында Мекке шаһарының халифасының жалғыз қызы Жұбар сұлумен бәстесіп күресуі, ақыры осы қызды алып, Мәлік Қасен патшаға оралуы, Мәлік Қасен патшаның қырық күн ойын, отыз күн тойын жасап, құдасы Мекке шаһарының халифасы шақырып, ризашылық алуы екі патша, екі ғашыққа өз өмірлерінде мұратқа жетіп, жақсы дәурен өткізгені хикая болады.
Қолжазбаның атауы
Самархан хан
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Ерте заманда аңшылықпен күн көрген бір шал мен кемпір болады. Олардың Самархан атты жалғыз ұлы болады. Бала бір күні түс көреді. Түсін анасына жорытпақшы болып басын айта түседі де аяғын айтпай қояды. Анасы бұған ашуланады да баланы ұрып жібереді. Бұл жағдай әкесімен де болады. Содан бала үйінен қашып келе жатып ханның уәзіріне жолығып қалады. Уәзір баладан неден қашып келе жатқандығын сұрайды, бала бар жағдайын айтады, бірақ түсін айтпайды. Уәзір ашуланып баланы зынданға тастайды. Бір күні ханның қызы ойнап жүріп зынданның саңлауынан баланы көріп қалып оған ғашық болады. Балаға күндетамақ тастап тұрады. Қыздың әкесіне екінші бір хан өштесіп оған жұмбақ-хат жібереді. «Егер шешпесең елінді шабам» дейді. Самархан қыздан жұмбақтың талаптарын біліп алып оның шешуін айтады. Үшінші ретте Самархан қызға: «Мен зынданнан шықпасам болмайды» дейді. Қыз өкесіне Самархан туралы айтады, хан Самарханды зынданнан шығарады. Самархан жұмбақтың шешімін айту үшін сол елге елшілікке аттанады. Ханды сөзден жеңіп, елін шапқыншылықган құтқарады. Бұған риза болған өз ханы Самарханға тағын береді. Әрі қызын қосады.
Қолжазбаның атауы
Самғұн шаһарының патшасы (Мағражын сұлу, Манбиін сұлу, Марзам сұлу хикаясы)
Қолжазбаның жанры
Ертегі
Қысқаша мазмұны
Самғұн шаһарының патшасы Ералы 16 жасында таққа отырады. Ералы патша әкесі айтып кеткен өсиеті бойынша өз халқын аралап, ондағы әділетсіздік, жамандықтарды жөнге салуы, кедейшілік кембағалдарға көмек етуі осы сапарда жалаңаш тезек теріп жүрген бір кедей қызын (Мағражын сұлуды) көріп, неше түрлі сұрақ қойып, қыздың дәл жауап беруі, патшаның Мағражын сұлуға құда түсіп, ата-анасын және қыздың ризашылығымен оны әйелдікке алуы, той-салтанаты, Ералы патшаның орнатқан жаңа әділдік заң-тәртіптері. Ералы патшаның Заңғар атты ұл көріп, барлық патшалықтарға той жасауы, тойға келген Дүңгек шаһарының қыз патшасы Мәнби сұлудың Ералы патшаға ғашық болуы, Ералының Манби сұлуды тоқалдыққа алып, зор салтанатты той жасауы, балуан күрес, атжарыс секілді әртүрлі жарыс, ойын-сауық, сыйлықтар. Дүңгек шаһарынан келген Марзам сұлудың жігіт болып киініп, күреске түсуі. Балуан күресінде Марзам сүлу бас балуанды жығып бір тоғыз сыйлық алуы, той ақырында Ералы патша халықтың, анасының, екі әйелінің рұқсат етуі бойынша осы балуан қыз Марзум сұлуды алып, ұл-қыз көріп, халықты әділ басқарып барлық мақсатына жеткендігі ұзақ хикая етіледі.