∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сырымның әйелге қамқорлығы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сырымның әйелге қамқорлығы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
910
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22. 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкада терілген. Қағаздар ақ жіппен тігіліп, түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда орта жүзге барған кіші жүздің бір қызының зәбір көріп жүргенін орта жүзге барған жігіттерден беріп жіберген қыз аманатынан білген Сырым батырдың орта жүзге барып, қарындасын қайтарып алуы сөз болады.
13. Басы:
Кіші жүздің орта жүзге берген бір қызы бар екен.
14. Соңы:
Сонда Мөңке би Сырымға: «Жасыңнан қара дауға әуес болған екенсің, сірә жаның ұзақ болмас екен», − депті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова