∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Адай шежіресі
Қолжазбаның жанры
шежіре-жыр
Қысқаша мазмұны
Адай руының қонақжайлылығы, кеңпейілділігі айтылады. Жыршы Адай руынан шыққан беделді адамдарды айта келіп, Бекет атаның қасиеттеріне арнайы тоқталады.
Қолжазбаның атауы
Ағайын, тума халқымсың
Қолжазбаның жанры
шежіре-жыр
Қысқаша мазмұны
Шежіренің қазақ арасындағы маңызы, жалған дүниеден өткен бабалардың, олардың ұрпақтарының тарихы туралы.
Қолжазбаның атауы
Шежіре жайынан қысқаша мағлұмат
Қолжазбаның жанры
шежіре-жыр
Қысқаша мазмұны
Жыршы қазақ халқын арабтардан, Аннас сахабадан таратудың бұрыс екенін, оның себебін айта келіп, арғы тегіміз түрік, Алаша ханның үш баласынан тараған ұрпақ екенімізді дәлелдеуге тырысады. Сонымен қатар «Ақтабан-шұбырынды» оқиғасы, Ресейге бодан болу сияқты тарихи оқиғаларды да қамтыған.
Қолжазбаның атауы
Шежіре
Қолжазбаның жанры
шежіре-жыр
Қысқаша мазмұны
Жырда Әнес сахабадан бастап қазақтың шығу тегі баяндалып, Кіші жүз руларына дейін тізбектеледі. Бірақ мазмұны Қылышев Қартбай жеткізген жыр нұсқаларымен мазмұндас болып келеді. Толық аяқталмаған. «Алтын бидің баласы, Құдияр ерден тараған» деген жолдардан кейінгі 168 жол енбей қалған. Соған қарағанда жыршы Қартбай ақыннан үйреніп, халық арасына таратып жүрген сияқты.
Қолжазбаның атауы
Шежіре толғау
Қолжазбаның жанры
шежіре-жыр
Қысқаша мазмұны
Арғыннан туған жеті сопы соның біреуі: Қара сопы, одан Қарауыл, Қарауылдан Мықы, яғни орта жүз, үш Бектауыл руын жырға қосқан. Шежіреде әр рудың беделді адамдары туралы да сөз болады.
Қолжазбаның атауы
Шежіре-жыр дастаны
Қолжазбаның жанры
шежіре-жыр
Қысқаша мазмұны
Мәтін жыр жолдарымен басталады. Автор Кеңес одағы, Дутов бастаған басқыншылар туралы сөз ете келіп, қазақтың шығу тегіне ауысады. «Арғы атамыз деп Абат батыр» деп шежірені бастайды. Асан қайғы, Абат батыр туралы аңыз әңгімелерді жазады. Аңыздардан соң ел аузынан естіген кіші жүз руларының тарихын таратады. Автор руларды таратқанда кейбір тарихи оқиғаларды да әңгімелеп отырады. Шежіре аяқталмаған.
Қолжазбаның атауы
Шежіре-өлең
Қолжазбаның жанры
шежіре-жыр
Қысқаша мазмұны
Жыршы өзінің атасы Орта жүз, оның ішінде Уақ руының ұрпақтарын жырлайды. Түп атасы Әнес сахабадан өрбіте отырып, Арғы атасы Жаубасардың қалмақтармен болған соғыстардағы ерліктерін де сөз қылады. Шежіренің аяқ жағында жырға енбей қалған руларды қарасөзбен айтып кеткен.
Қолжазбаның атауы
Шежіре
Қолжазбаның жанры
шежіре-жыр
Қысқаша мазмұны
Шежіреде қазақтың Наурыз, Алаш деген екі ұлы туралы сөз болды. Наурыз ұрпақсыз дүниеден өтеді. Сондықтан Наурыздың қайтқан күніне арнап жыл сайын көктемде ас беріліп, жыл басын «наурыз» деп атаған деген дерек келтіреді. Жыршы «жүз» деген атаудың түп төркіні туралы да айта кетеді де, үш жүздің руларына жеке-жеке жырлайды.